Қырғызстан парламентінің 19 қыркүйектегі кезекті отырысында елдің экономика және коммерция министрінің орынбасары Самат Шатманов Ыстықкөлдегі 49 жылға жалға берілген пансионаттар туралы мәселе көтерді.
Оның сөзінше, демалыс орындарын жалға берілген кезден бері онда бірде-бір жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
«Бүгінгі күні олар 3-4 жұлдызды қонақ үй салуға қаражатымыз жоқ деп қазақ тарапы инвесторлар тартуға мүмкіндік беруді сұрап отыр», – деді шенеунік.
Қырғыз депутаты Ұлықбек Ормонов 49 жылға жалға берілген пансионаттардың бәрін жіті тексеруден өткізуді сұрады.
Қырғызстанның салық қызметінің төраға орынбасары Нурлан Умтулов Қазақстанға жалға берілген төрт пансионаттың бүгінгі күні тек екеуі ғана жұмыс істеп тұрғанын, 2023 жылға тек 4 млн сом ғана салық төлегенін жеткізді.
Қырғыз үкіметі 2006 жылы Қазақстанға «ҚазҰУ», «Олимп», «Қазақстан» және «Самал» деп аталатын төрт демалыс орнын 49 жылға жалға берген. Екіжақты келісімге сәйкес, қазақ тарабы 6-7 жылдың ішінде туристерді тарту үшін пансионаттарды күрделі жөндеуден өткізуі тиіс болған.
Осының алдында қырғыз президенті Садыр Жапаров Facebook парақшасына инвесторлар Ыстықкөлдегі 15 ескі пансионатты 49 жылға жалға алуына болатынын, бұл демалыс орындары ел бюджетіне кіріс әкелуі тиіс деген.
centralasian.org
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!