18 қаңтар күні таңертең қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жекпе-жек Калифорния штатының Коммерс қаласында өтеді. Ахмедовтың қарсыласы америкалық Малкольм Джонс (17-4-1, 10 КО) болады. Ол бастапқыда белгіленген қарсылас Рональд Эллистің (18-5-2, 12 КО) орнына шығады.
Негізі Али Ахмедов Рональд Эллиспен Коммерстегі жекпе-жек кешінде кездесуі керек болған. Алайда Эллис жарақатына байланысты турнирден бас тартты.
Жекпе-жектің тікелей трансляциясы UFC Fight Pass платформасындағы ақылы жазылым арқылы көрсетіледі. Калифорнияда өтетін бокс кеші Қазақстан уақытымен 08:00-ден кейін басталады деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!