Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабад Ауғанстандағы «Талибан» үкіметіне «ашық соғыс» жариялағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Енді бізде ашық соғыс жүреді. Бұл қанды соғыс болады. Пәкістан армиясы теңіздің арғы жағынан келген жоқ. Сендердің көршілеріңбіз, сендердің уақыттарыңды білеміз», — деп жазды Асиф әлеуметтік желіде.
Министр «Талибан» үкіметін «Ауғанстанды Үндістанның колониясына айналдырды», елге «бүкіл әлемнен террористер жинап, терроризмді экспорттады» және «Үндістанның қуыршағына айналды»деп айыптады.
Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін 26 ақпанда ауған әскери күштері Пәкістанның шабуылына жауап ретінде Дюранд сызығы бойында — Хост, Пактия, Нуристан және басқа да бірнеше аудандарда Пәкістанға қарсы операциялар бастағанын хабарлаған. Екі жақтан да шығыны бар.
Кейінірек Пәкістанның Ауғанстандағы бірнеше провинцияға шабуыл жасағаны және Ауғанстан астанасында жарылыстар болғаны туралы хабарланды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Пәкістан туы. Фото: pixabay.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!