Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дубайдағы турнирден кейін 40-тан астам адам елге қайта алмай отыр

02.03.2026, 10:30 76

Qazaqparat жазуынша, Дубайда өткен ATP 500 турниріне қатысқан ойыншылар, бапкерлер және қызметкерлерден құралған 41 адам Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойған. Олардың қатарында жарыстың жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведев пен турнирдің жартылай финалына дейін жеткен Андрей Рублев те бар. Испанияның Marca басылымының мәліметінше, барлық спортшы 3 наурыз күні таңертең елден ұшып кетуі тиіс болған. Алайда бұл тек елдің әуе кеңістігі ашылған жағдайда ғана мүмкін.

Бұған дейін делегация мүшелеріне Сауд Арабиясы немесе Оман арқылы құрлық жолымен шығу ұсынылғанымен, олар бұл нұсқадан бас тартқан. Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик шектеу енгізілгенге дейін елден ұшып шығып, АҚШ-қа аман-есен жеткенін әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дубай әуежайлары белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатқаны хабарланған еді.

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: