Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағза донорлығына мәжбүрлеп жатыр

16.06.2021, 12:25 452

HALYQLINE.KZ Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылар тобы Қытай түрмелерінде Ислам және христиан діндерін ұстанатын адамдардың ішкі органдарын алу мақсатында оларды ота жасатуға мәжбүрлеп жатыр деп мәлімдеді, – деп хабарлайды kazislam.kz.

БҰҰ сарапшыларының айтуынша, бұл мәліметтер жіті тексерілген және сенімді.

Сарапшылар тобы дайындаған арнайы құжат 14 маусым күні жарияланды. Онда: «Қытайда органдарды мәжбүрлі түрде алу ісі этникалық, тілдік және діни азшылық өкілдеріне қатысты қолданылып келеді», – делінген.

БҰҰ-да бұл мәліметтер қатты алаңдаушылық туғызды. Deutsche Welle атты неміс басылымының жазуынша, мұндай мәжбүрлі ота жасатуға көбінесе тибеттіктер, ұйғырлар және христиан дінін ұстанатын өзге де ұлт өкілдері тартылуда.

Қытайдың Женевадағы өкілдігі БҰҰ сарапшыларының сөзі жалған деп айыптады. Олардың айтуынша, сарапшыларға бұл мәліметтерді сепаратистер беруі мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: