Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемде әскери мақсатқа бөлінген қаржы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді

25.04.2023, 12:46 365

HALYQLINE.KZ Әлемде әскери мақсатқа бұрын-соңды болмаған деңгейде көп қаржы бөлініп, 2,24 триллион долларға жетті. Мұны Стокгольм зерттеу институты (SIPRI) хабарлады.

Баяндамаға қарағанда, әскери бюджеттің күрт көбеюіне негізінен Ресейдің Украинаға басып кіргені себеп болған. Ресей әскери бюджет жөнінен АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға шыққан. Әскери бюджеті 9,2 пайыз көбейіп, 86,4 миллиард долларға жеткен. Бұл цифр Ресей бюджетінде көрсетілген сомадан 34 пайыз көп.

Украинаның әскери бюджеті 44 миллиард долларға жетіп, бір жылда 640 пайыз көбейген.

НАТО елдерінің бәрі жиылып, 1,2 триллион доллар жұмсаған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 0,9 пайыз ғана көп. АҚШ-тың әскери бюджеті 877 миллиард доллар болған. Бұл – бүкіл әлемдегі әскери бюджетің 39 пайызы. Оның 19,9 миллиард доллары Украинаға әскери көмек ретінде берілген.

Ресей қаупі Еуропа елдерінің де әскери бюджетін ұлғайтқан. Орталық және Батыс Еуропа елдерінің әскери бюджеті 345 миллиард долларға жеткен. Бұл – 1970-80 жылдардағы қырғиқабақ соғыстан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Қытайдың әскерге бөлетін ақшасы 28 жылдан бері жыл сайын ұлғайып келеді. 2022 жылы Қытай 292 миллиард долларын әскерге жұмсап, АҚШ-тан кейінгі орынға шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: