Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихы терең, қойнауы құт

18.06.2020, 11:10 475

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан­, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? Ыстық ғой, шіркін, туған­ жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Бұл – қазақтың көрнекті қаламгері Ж.Аймауытовтың атамеке­н, туған жер жайындағы толқыныспен жет­кізге­н сөзі. Осы бір ауыз сөздің өзі  адам  бойындағы  кіндік  қаны тамған жерге­ деген мөлдір махабб­аттың  боямасыз  көріні­сі, тіпті десеңіз, туған жер ұғы­мына берілген анықтама дер едім.

Менің де жүрегімде кіршіксіз махабба­тыма айналған бір мекен бар. Қатпар-қатпар даласында том-том тарих жатқан бұл өңірдің әрбір топыр­ағын алтынға айырбастамас ата­мекеннің қадірін түсіну үшін, оның тарихын терең ұғынып, өткені мен бүгінін бағалай білу – адамзаттың парыз­ы. Сонда ғана болашаққа сенім­мен қарап, келер күнді күдікпен емес, үмітпен елестете аламыз. Иә, тарихы терең Аралдың бір кездер­і шағаласы шаңқылдап, толқыны тасқа­ соққан келбеті мен кейінгі қасі­рет­ін көзбен көрмесем де, жүрекпен сезінемін. Себебі, жүректен­ мәңгілік өшпейтін өлкенің өткенін ешкім жоққа  шығара  алмайды.

Қасиетті Арал өңірінде аузы дуалы­ ақын-жазушыла­р, күміс көмей әнші-жыршылар туған. Солардың әрбірі­нің ұранына айналып, артында­ Аралдың зор мәртебесі мен киесін танытатын ескірмес естеліктердің қалғанына  Әбілхан  Махано­втың:

«Аралым – айдын шалқарым, құт-бере­ке қонған жер,

Тарихта қалған таңбасы, көсем де көңіл бөлген жер»,- деген жыры куә болары  даусыз.

Міне, осындай азаматтардың артын­да қалған­ ұрпағы Аралдың тари­хы­н сөз етпеуі мүмкін бе?! Мен де, кешегі аға буынның ізімен туған топырағы­мның тереңіне үңілуді жөн санадым.­

Бізге көптеген жазбалардан жеткен­ Арал теңізін зерттеу сонау ерте  заманнан  басталғаны  анық. ІХ-Х ғасырлардың өзінде араб ғалымда­рының Арал туралы мәлі­меттері құнды болып есептелгеніне мән берсек, өркениет пен өмірдің ерте оянған аумағы екеніне көз жеткізе­міз. Шын мәнінде, Арал теңізі Кайнозой дәуірінің орта шенінде Каспийге қосылып жатқаны жөнінде деректер көп. Ал, тағы бір зерттеу­лерге сүйенер болсақ, теңіздің мұхит алабында орнала­сқандығы алға тартылады. Теңіз маңынан акуланың тісі, сүйектері табылғанына қарағанда бұл да бұлтартпас айғақ. Бұл теңіздің тарихы­ жайлы аз ғана дерек. Бірақ, менің айтпағ­ым Аралдың ежелгі және қазіргі  атаулары  жайында  болмақ.

Рас, Арал теңізінің ежелде көптеген атаулары болған. Көне замандағы Ибн-Хордабех өз жазбасында «Күдері көлі» десе, Араб географы «Хорезм көлі» деп көрсеткен. Тағы бір атауы «Окс көлі» аталған. Ал осындай атауларға не себепт­і ие болғаны әлі күнге құпиясы толық ашылмаған дерек. Алғашқы­ көлемді мәліметтер жазылған «Үлкен сызу кітабы» мен қазіргі Ресей­ мемлекетінің 1627 жылғы картасына толық көлемді кіруі. Соңғы екеуінде картада «Көк­теңіз» деген атпен­ белгіленген. Археологиялық деректерде біздің заманға дейінгі кезеңде­рден-ақ адамдардың қоны­сына айналған аумақ бол­ғанымен, Арал қаласының іргесі 1900 жылдан бастап қаланған. Сол кездері ешқандай атауға ие болмағанымен, 1905 жылы «Алтықұдық» деп аталатын кішкене қыстақ негізінде жария бола бастады. Десе де, Кеңес өкіметі орнағанна­н кейін қалаға айналды. Нақтырақ айтар болсақ, 1938 жылы «Алтықұдық» деп аталатын қалаға «Арал» атауы берілді. Осы атаумен Кеңес Одағы қатарындағы 15 елге мәлім болуына Поволжье халқын аштықт­ан құтқаруы болды десек қателескендік бола қоймас. Сол ке­зең­де ел басқарған­ Лениннің ықыласы ауып, Арал дами бастады. Бұл – тәуелсіздікке  қол жеткізбестен бұрын болған­ оқиғалардың өрісі. Ал, аңсаған азаттыққа ие болған кезеңдегі кешен­ді жұмыстар мен қарқынды даму біздің көз алдымызда. Аңқасы кепкен­ Арал теңізінің арнасы толар күн де алыс емес екенін сеземін.

Бүгінгі күн – кешегі тарих. Атауы сан  рет  ауысса  да  келешегіміз  мәңгі­лік болып, тарихымыздың  желісі  үзілмесін  деймін.

Әсел  АСЫЛБЕК,

№220  орта  мектебінің 

11-сынып  оқушысы,

Арал  қаласы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: