Психолог мамандар бірге өсек айтатын жұптардың некесі ұзағырақ болады дейді. Жалпы, «өсек» деген сөздің өзі жақсы естілмейді ғой. Бірақ күйеуіңізбен айтқан өсектің жөні бөлек болады. Неге екенін біле жүрейік.
Психологтар мұндай жағдайды «social bonding» яғни, әлеуметтік жақындасу механизмі ретінде қарастырады.
— Өсек айту – жай ғана біреуді талқылау емес. Бұл бірге эмоция бөлісу. «Пәленшенің мына қылығы дұрыс емес қой» деген кезде, жұптар өзара не дұрыс, не бұрыс екенін нақтылай бастайды. Бірге өсек айту «біз бір жақтамыз» деген сезімді тудырады. Бір-біріне өсекті де, күлкіні де, ренішті де еркін айта алатын жұптарда бір-біріне деген сенім күштірек болады, — дейді Алмагүл есімді психолог маман өз парақшасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!