Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда кім тісін тегін емдете алады?

12.03.2025, 12:30 74

Шұғыл көмекке мұқтаж сырқаттар учаскелік дәрігерден жолдама алмай-ақ тікелей стоматологиялық мекемелерге жүгіне алады.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда шұғыл стоматологиялық көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

  • 18 жасқа дейінгі балалар
  • жүкті әйелдер
  • Отан соғысының ардагерлері
  • I, II және III топтағы мүгедектер
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар
  • жасы бойынша шыққан зейнеткерлер
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер
  • мүгедектігі бар немесе бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар.

Дәрігерден жолдама алмай-ақ келесі процедураларды алуға болады:

  • күрделі кариесті, пульпитті, периодонтитті емдеу
  • күрделі тістерді, соның ішінде даналық тістерді жұлғызу
  • абсцесстерді ашу және одонтогенді кисталарды жою
  • шыққан жақты орнына қою
  • қатерсіз өсінді-ісіктерді жою (мысалы, эпулис)
  • жарақат алған кезде қозғалған тісті уақытша орнына келтіру
  • тіл жүгеншігі немесе ерін пластикасы

Жоспарлы стоматологиялық көмек мыналарды қамтиды:

  • профилактикалық тексерулер және тістерді тазалау
  • кариесті емдеу (композиттік материалдардан жасалған пломбаларды қолдана отыра)
  • қарапайым және күрделі тісті жұлу
  • жүйкені (тіс ұлпасын) алып тастау
  • гингивит, стоматит және қызыл иектің басқа қабынуын емдеу

Ортодонтиялық көмек жақ сүйегінің туа біткен ауытқулары бар (таңдай жырығы, тістеу қабілеті дұрыс жетілмеген) және тіс-жақ деформациялары бар 6 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Шұғыл көмек – кез келген уақытта жолдамасыз көрсетіледі. Жоспарлы көмек алу үшін тіс дәрігеріне жазылу қажет. Егер дәрігер емханада амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп санаса, науқас жедел жәрдеммен ауруханаға жіберіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: