Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ми күтпеген сыйлығын «қарыз» деп қабылдайды

22.08.2024, 10:20 742

1. Өзіңізге  жақсы  көзқараспен  қараңыз

Қандай да бір қателік жасаған сәтте өзіңізге ренжуден, іштей жекуден аулақ болыңыз. Жоспарланған істің орындалмай қалғанына, әр әлсіздік танытқан сәтіңізге бола басыңызға найзағай төндірмегеніңіз дұрыс. Қиын болса да, кемшіліктеріңізді кешіре біліңіз. Өзіңізді кешіру арқылы сіз миыңыздың «моральдық бейімділіктен» тайып кетуіне жол бермейсіз.

Ғылыми түсініктеме

«Моральдық бейімдік» терминін Стэнфорд университетінің профессоры Келли Макгонигал ұсынады. Оның жасаған біршама зерттеуіне сүйенсек, адам өз-өзін қаншалықты кінәлі сезінетін болса, соншалықты иммунитеті азғыруларға бейімірек бола түседі. Нақтырақ айтсақ, ми тек иесінің денсаулығына емес, сондай-ақ көңіл-күйіне де жауап береді. Егер сіз мотивация шақыру үшін өзіңізді әлсіздік пен жалқаулық үшін кінәлай берсеңіз, миыңыз сізді қуантудың жолын іздей түседі. Сол себепті ми өзіңіз қалаған нәрсеге қарама-қарсы жолға беттеуі ықтимал.

2. «Тегін» тұзағы

Дүңгіршектерде, сұлулық салонында, автосалон немесе мейрамхана секілді ақша жарататын жерде сізді ең белгілі тұзақ күтеді. Ол – тегін қосымша қызмет көрсету және кішігірім сыйлықтар. Мысалы, сіз салондағы кезегіңізді күтіп отырған сәтте шай ұсынуы мүмкін. Мейрамханада тапсырыс күтіп отырған кездегі шеф-аспаздың комплименті тағы бар. Сол арқылы кәсіпорындар «адал» клиенттерін қалыптастырады. Бұл да – маркетингтің бір жолы. Ұсыныс: егер артық ақша құртқыңыз келмесе, ұсынылған  тегін  заттарды  алмаңыз.

Ғылыми түсініктеме

Адам – әлеуметтенген «хайуан». Сондықтан, олар өз қатарластарымен ұдайы қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Аталған механизм миллиондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді әрі адамның миына сағыздай жабысып қалған. Жоғарыда атап өткен комплименттер мен сыйлықтар адамды «адал» клиент қылып ғана қоймай, жеңілдікті пайдаланған адамды «қарыз» синдромына шалдықтырады. Дәлірек айтқанда, бір рет жеңілдікті пайдаланған адам рақметі ретінде сол брендтің ғана қызметін пайдалануға мәжбүр болады. Мүмкін, сіз өзіңізді қарыз ретінде сезінбеуіңіз мүмкін. Бірақ та, ми күтпеген сыйлықты «қарыз» деп қабылдайды.

3. Ақыл-ойыңызды  жаттықтырыңыз

Көптен бері ойыңызда жүрген дағдыларды елестетіп үйреніңіз. Иә, алғашында бұл ерсі естілуі мүмкін, бірақ мақсат еткен дүниеге визауализация арқылы қарау шынымен жүзеге асады. Немен айналыссаңыз да, алдыға қандай мақсат қойсаңыз да, күн сайын ұйқы алдында өзіңіз қалаған дүниені елестетіңіз. Тек қана материалдық дүние емес, сонымен қатар меңгергелі отырған дағдыны да практикадан  өткізіп  жатқан  сәтіңізді визуалдап  көріңіз.

Ғылыми  түсініктеме

Визуализация – тек миді зерттейтін сала мамандары ғана емес, жалпы ортастатистикалық қауымға белгілі түсінік. Адам миының құдыреттілігі соншалық, тек қана елестетудің көмегімен адамның ынтасын шын өмірде де жетілдіруіне ықпал етеді. Бұл нәрсе кез келген әрекетке әсер етеді. Тіпті, физикалық әрекетке де. Мәселен, егер сіз өзіңізді зілтемір көтеріп жатырмын деп елестетсеңіз, қажетті бұлшықеттерге қан жиылады, ми бұлшықеттің жүгін арқалайды. Әрине, визуализация арқылы күш жинап ала алмайсыз. Десе де, визуализация сіздің армандаған жолыңызға демеу бере отыра мотивацияңызды күшейтеді.

4. Орнына  қойыңыз

Ақша үнемдей алмай жүрсіз, бірақ қыдырғанды, дүкен аралағанды жақсы көресіз бе? Мәселе емес. Қыдырыңыз, көріңіз, бірақ ештеңеге тиіспеңіз. Тауарды қанша қалап, қызығып тұрсаңыз да қолыңызға ұстамағаныңыз дұрыс. Бұл іс-қимыл сіздің бекер шашылуыңызды тежейді.

Ғылыми түсініктеме

Бұл тұста дофамин жайында сөз қозғаймыз. Кей жерде дофаминді рақат гормоны деп атап жатады. Бірақ, дофамин – «рақат» емес, «қалау» гормоны. Дофамин сізді қалатады, алайда рақаттануыңызға ықпал етпейді. Мәселен, сіз бір нәрсені өте қатты аңсайсыз, бірақ ол дүниеге қолыңыз жеткен кездегі реакцияңыз күткеніңіздей болмайды. 

5. Спортзалдан  соң  көп  сөйлемеңіз

Физикалық жаттығу немесе экстремалды жағдай сізді күндегіге қарағанда көбірек сөйлетеді. Айтқымыз келгені, егер артық нәрсе айтып қойғыңыз келмесе, темірмен жұмыс істеп болған соң жаныңыздағылармен азырақ сөйлескеніңіз дұрыс.

Ғылыми  түсініктеме

Физикалық жүк және жоғарыда айтып өткен экстремалды жағдайлар «ұр немесе қаш» синдромын алып келеді. Яғни, пульс жоғарылайды, сондай-ақ, тыныс алу жиілігін арттырады. Сонымен қатар, басқа да физиологиялық белсенділіктерді тудырады. Ал мұндай адреналин жұмыс істеп тұрған тұста ми қауіптенеді де, адамға қашуды немесе күш көрсетуді ұсынады. Сол себепті шаршаңқы кезде кез келген қарым-қатынас сізге де, жаныңыздағы адамдарға да кесірін тигізуі  мүмкін.

Орыс  тілінен  аударған 

Айтілес  АБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: