Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы жүйесіндегі жетістік

15.08.2024, 10:00 209

Қазақстанның зейнетақы жүйесі 2024 жылы халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексінде 20-орынға ие болды. Бұл сөз мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы мен халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейінің жоғары екенін білдіреді. Осы орайда, еліміздің зейнетақы жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын түсіну үшін, ranking.kz Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі статистикалар мен көрсеткіштерге терең сараптама жасады. Сараптама барысында зейнетақы жинақтарының өңірлік ерекшеліктері, жарналардың өсу қарқыны және зейнетақы жүйесінің болашақтағы даму бағыттары қарастырылды. Сонымен зерттеуде не айтылған?

Қазақстанның зейнетақы жүйесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында түбегейлі реформалардан өтіп, жаңа нарықтық талаптарға бейімделді. 1998 жылы енгізілген жинақтау­шы зейнетақы жүйесі халықтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл жүйе үш негізгі деңгейден тұрады. Біріншісі – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ). Әрбір жұмыс істейтін азамат өз табысының белгілі бір пайызын зейнетақы қорына аударады. Бұл жинақтар әр азаматтың болаш­ақтағы қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал екіншісі – міндетті кәсіптік зейнет­ақы жарналары (МКЗЖ). Бұл – қауіп­ті өндірістерде жұмыс істейтін азаматтарға арналған қосымша зейнет­ақы жарналары. Яғни, жұмыс берушілердің қызметкерлеріне әлеу­меттік қорғау көрсету үшін енгізілген зейнетақы түрі. Ал соңғысы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ). Ол дегеніміз, азаматтар өз еркімен зейнетақы қорына қосым­ша қаражат жинап, болашақтағы зейнет­ақы төлемдерін арттыра алады. Осы үш деңгейлі жүйе халықтың болашағын қамтамасыз етуге және қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

2024 жылғы 1 наурыздағы  жағдай бойынша Қазақстанның зейнет­ақы жинақтарының жалпы көлемі  18,5 трлн  теңгеге  жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артық және соңғы бес жылдағы ең жоғары өсу көрсеткіші. Ол дегеніміз азаматтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі мен қаржылық сауаттылығының  артқанын  көрсетеді.

Еліміздің әр өңіріндегі зейнет­ақы жинақтары айтарлықтай айырмашылыққа ие. Цифрлардың әртүрлі болуы өңірлердің экономикалық даму деңгейіне, халықтың табысына және көлеңкелі экономика үлесіне байланысты. Сандарды кестемен кел­тірсек.

Еліміздің ірі қалалары арасында көш бастап тұрған Астана мен Алматы қаласы зейнетақы жинағы бо­йынша да тізімді бастап тұр. Жеке-­жеке тоқталсақ, Алматы қаласының өзінде жинақталған қаражаттың жалпы көлемі 3,6 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш қаланың экономикалық белсенділігінің жоғары дең­гейін, тұрғындардың табыс деңгейі­нің артықшылығын және халықтың қаржылық тәртібінің жақсарғанын көрсетеді. Астана қаласына келсек, жинақтардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгені құрайды. Елорданың экономикасы дамып, халық санының өсуі зейнетақы жүйесіне тұрақты салымдардың жасалуына оң әсерін тигізуде. Қарағанды облысы 1,5 трлн теңге көлеміндегі зейнет­ақы жинақтарымен үшінші орында тұр. Өңірдегі өнеркәсіптік кәсіп­орындар мен ірі  өндірістік орындардың көптігі және тұрақты жұмыс күшінің болуы зейнетақы жүйесіне айтарлықтай үлес қосуда. Ақтөбе және Атырау облыс­тары да – зейнет­ақы жинақтары  бойынша алдыңғы қатар­да. Ақтөбе  облысында 967,3 млрд теңге, ал Атырау облы­сында 922,5 млрд  теңге зейнет­ақы жинақтары бар. Бұл өңірлерде мұнай-газ және басқа да өндірістік секторлардың дамуы зейнетақы жинақ­тарының  артуына ықпал етуде. Алматы облысы, Ұлытау және Абай облыстары зейнетақы жинақ­тарының көлемі бойынша соңғы орындарда тұр. Алматы облысында жинақтардың көлемі небәрі  107,9 млрд  теңгені  құрады.  Бұл  көрсеткіштер өңірлердегі халық саны­ның  аздығы,  экономика лық  белсенділіктің  төмендігі және көлеңкелі экономика үлесінің жоғары болауы­мен  сипатт­алады  деп  түйіндейік.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, кейбір мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Әсіресе, көлеңкелі экономика мен ресми емес жұмыс орындарына байланысты зейнет­ақы шоттарына жарналардың түспеуі – мәселе екенін ескерген жөн. Бұл жағдайлар халықтың болашақтағы зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіз болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұнан бөлек, жыл басында жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9%-ға артты. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің көбеюіне байланысты ұлғайтылды.Тиісінше, пәтер алу, жер алу мәселесінде қымбатшылық  басталып  кетті.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша орта­ша айлық төлем сомасы 34 075 теңг­е­ні құраса, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем – 945 752 теңге. Мұндай үлкен айырмашылық ресми жалақ­ы­ның артықшылығын айқын көрсетеді. Осы мәселелерді шешу үшін мем­лекет көлеңкелі экономикамен күресу­ді күшейтіп, ресми еңбек қаты­настарын  заңдастыруға ша­қыруда.

Жалпы, Mercer CFA институты 50-ден  астам индикаторды қамтитын «барабарлық», «тұрақтылық» және «тұтастық» субиндекстері негізін­де зейнетақы жүйелерін ба­ғалауды жүргізеді. Қазақстанның зейнет­ақы жүйесі осы субиндекстер бойынша жоғары баға алып, әлемдегі орташа көрсеткіштерден едәуір жоғары  деңгей­де  екенін  дәлелдеді.

Қазақстанның  зейнетақы жүйе­сі – еліміздің   қаржылық   тұрақ­тылығын және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды құрал. 2024 жылы халық­аралық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізген бұл жүйе өңірлер арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта, зейнет­ақы жүйесін одан әрі жетілдіру және оның қолжетімділігін арттыру арқылы Қазақстан өзінің халық­аралық аренадағы орнын нығайтып, азаматтардың зейнетақымен қам­тамасыз етілуін жақсарта түсетіні анық. Сөзімізге жоғарыда келтірілген  көрсеткіштер  дәлел.

К.ҚҰРМЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: