Ақпараттық майданда жалған жаңалықтың таралуы қазіргі уақытта үлкен мәселе болып тұр. Әлеуметтік желілер мен интернеттің қарқынды дамуы арқасында ақпараттың жылдам таралуы қоғамда сенімнің төмендеуіне әкеледі. Мұндай жағдайда журналист күрескер ретінде әрекет етуі қажет, ал фактчекинг – оның ең мықты қаруы.
Фактчекингтің негізгі мақсаты – ақпараттың сапасы мен дәлдігін қамтамасыз ету. Цифрлық дәуірде шынайы ақпаратты анықтау қиындай түсуде. Сондықтан журналистер фактчекинг әдістерін қолдану арқылы ақпараттың шынайылығын тексеріп, қоғамға дұрыс ақпарат таратуы тиіс. Бұл әдістерге тексеру, дереккөздерді саралау, мәліметтердің дұрыстығын анықтау сияқты процестер кіреді. Фактчекингтің басты артықшылығы – ақпараттың дәлдігі мен сенімділігін арттыру.
Журналистер әрқашан мақала жазарда фактілерді тексеріп отыруы керек. Жарияланатын мәліметтердің сенімділігіне күмән болған жағдайда, оны қосымша тексеру қажет. Сенімсіз ақпарат таратудан аулақ болу арқылы журналистер қоғамда сенімді ақпарат алмасуға үлес қосады. Әрбір мақала, сұхбат немесе репортаж дайындалу барысында жан-жақты фактчек жасау – журналистің кәсіби міндеті.
Фактчекингтің маңыздылығы тек ақпараттың шынайылығын анықтауда ғана емес, сондай-ақ қоғамның сенімін сақтап қалуда да көрініс табады. Ақпараттың шынайылығы мен сенімділігі – қазіргі уақытта маңызды мәселелердің бірі. Әрбір адам қоғамдағы оқиғалар туралы нақты және дұрыс ақпарат алғысы келеді. Сондықтан журналистердің басты міндеті – қоғамға сенімді ақпарат беру.
Фактчекингтің арқасында біз жалған жаңалықтардың таралуына тосқауыл қойып, ақпараттың сапасын жақсарта аламыз. Бұл қоғамда сенімділік пен абыройды сақтауға үлкен үлес қосады. Журналистер мен медиа мамандарының дәл және тексерілген ақпарат тарату арқылы қоғамның сенімін қалпына келтіруі – баршамыз үшін маңызды міндет.
Жалпы, фактчекингтің маңыздылығы зор, себебі ол қоғамның сенімін сақтап, ақпараттың сапасын арттырады. Журналистер үшін фактчекинг әдістерін меңгеру және оларды үнемі қолдану – кәсіби міндет. Тек шынайы және дәл ақпарат арқылы ғана қоғамды дұрыс бағытта дамытуға болады.
Нұрбек Шымтемірұлының айтуынша, қазіргі кезде жас журналистер мен ақпараттық агенттіктерде байқалатын қателіктер бар. «Біріншіден, ақпаратты жылдам беру кезінде тексерілмеген мәліметтерді пайдалану кең таралған. Көп жағдайда диктофонға немесе камераға жазылмаған ақпараттарды қосу және тексерілмеген дереккөздерден мәлімет алу орын алады. Бұл қателік журналистердің сенімді дереккөздерге жүгінбеуінен туындайды. Ақпарат шыққан кезде ең алдымен, оны кім шығарғанын және қандай орган бергенін тексеру қажет. Ақпаратты алғанда белгілі бір комментарий бар ма, соны қарастыру маңызды.
Жалған ақпарат таратып, медианың ықпалымен елімізде алауыздық туындауы мүмкін. Бұл жағымсыз салдардың алдын алу үшін дереккөздерді мұқият тексеріп, синхронның бар-жоғын анықтау қажет. Бұл шаралар жалған ақпаратты тоқтату және тексерілген мәліметтерді тарату үшін өте маңызды. Журналистер әрқашан сенімді дереккөздерге жүгінуі керек, өйткені сенімсіз ақпарат тарату қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін», – деді.
Аружан МӘУЛЕНБАЙ,
Бурабай курорты
#Mediabootcamp2024
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!