Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әуелбеков феномені

23.05.2024, 10:40 250

Еркін Нұржанұлы 33 жасында Солтүстік Қазақстанда Облаткомның төрағасы, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 35 жасында Құрама жем өнеркәсібі министрі, 38 жасында Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 43 жасында Еңбек Ері, Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарында 22 жыл бірінші хатшы болып қызмет  атқарды. 1989 жылы тамыз айында  КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Ұлттар кеңесінің ұлт саясаты және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды. 1991 жылдың соңында КСРО тарағаннан кейін Қазақстанға қайтып оралған ол бұрынғыдай облыстық немесе министрлік басшылық қызметке шақырылмады. Мәскеуден келгеннен кейін сегіз ай Президент Н.Назарбаевтың кеңесшісі болды, 60 жасқа толған күні зейнетке шығарды да, басқа мемлекеттік жұмысқа қабылдамады. Өмірінің соңғы жылдарын Алматыдағы үш бөлмелі пәтерінде өткізіп, 1999 жылдың 29 қаңтарында өмірден өтті.

1938 жылы Қызылорда облысы құрылғаннан бері Сыр өңірін 17 адам басқарыпты. Солардың ішінде инженер-гидротехник Мұстахым Біләлұлы Ықсанов 1963 жылдың қаңтарынан 1966 жылдың қарашасына дейін облыстық партия комитетін басқарды. Д.Қонаев естелігінде М.Ықсанов туралы: «Қызылорда облыстық партия комитетін басқарған жылдары ауыл шаруашылығын суландыру және күріш сияқты дақылдан мол өнім алу ісінде айрықша іскерлік танытты. 1966-1970 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, 1971-1975 жылдары Орталық Комитеттің өнеркәсіп жөніндегі хатшылығы сияқты жауапты қызметтерде істеп, зейнетті демалысқа шыққанға дейін Орал облыстық партия ұйымын басқарды» деп жазады (Сонда, 386-387-бб).

Сыр бойының, Қызылорда облысының тумалары Исатай Әбдікәрімов (1972-1978 жж.), Тәкей Есетов (1978-1985 жж.) және Сейілбек Шаухаманов (1989-1995 жж.) үшеуі де аудан басшысынан көтерілді. Т.Есетов  Арал ауданын ең көп басқарған басшы болды (28 жыл басқарды, 1957-1985 жж). Социалистік Еңбек Ері И.Әбдікәрімов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасына дейін көтерілді (1978-1979 жж.). Алайда осы жерлестеріміз Арал теңізінің проблемасын, ең болмағанда республика дәрежесіне көтере алған жоқ. Тек Е.Әуелбековтің орнына келген С.Шаухамановтың араласуымен, 1993 жылы Қызылорда қаласында бес республиканың басшылары жиналып, Арал проблемасын халықаралық дәрежеге көтерді.

1989 жылы 25 тамыздағы Қызылорда облыстық партия комитетінің III Пленумында Е.Әуелбековтің қызмет бабымен Мәскеуге ауысуына байланысты, Қазақстан ОК бірінші хатшысы Н.Назарбаев оның орнына С.Шаухамановты Қызылорда облысы партия комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлаған. Пленумда Еркін Нұржанұлының төрт жарым жыл (1985-1989) Қызылорда облысында атқарған жұмыстары туралы Қазалы ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы Е.Көшербаев, Жаңақорған ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы С.Далдабаев, К.Қайруллаев, Н.Демеуов және Ы.Қалиевтың жарыссөзде сөйлеген баяндамаларынан үзінді берейік.

Елеу Көшербаев: «…За короткий срок почувствовали позитивные изменения в экономике и социальной жизни. Стало уже нормой завершать строительство зданий средних школ в течение одного года, решен вопрос об установлении районного коэффициента. Дальнейшее развитие получают промышленность, транспорт, сфера обслуживания. Все эти и другие достижения, труженики заслуженно связывают с именем Еркина Нуржановича. …

От имени трудящихся Казалинского района и области желаю Вам, Еркин Нуржанович, крепкого здоровья, творческих успехов на доверенном Вам участке. Я думаю, выражу общее мнение, если скажу, что кызылординцы по праву считают Вас своим земляком и патриотом древней казахской земли» деп айтыпты (Сонда, 394-б. Баяндама қысқартылып берілді).

Ыдырыс Қалиев: «…Ради справедливости следует сказать, что тов. Ауельбеков Е.Н. за своей работой сделал очень многое. Мне пришлось работать вместе с ним более двух лет, как говорится, в одной упряжке, поэтому хорошо знаю его стиль и методы работы. …Одним из его достижений является перевод области во вторую категорию, установление районного коэффицента 1,5 – 1,25. На всех уровнях были подняты вопросы экологии области, не говоря уже об экономических показателях.

Позвольте от Вашего имени выразить сердечную благодарность тов. Ауельбекову Е.Н. и пожелать ему доброго, здоровья и успехов на дальнейшем жизненном пути» депті (Сабыр. Баяндама қысқартылып берілді. 403-б).

Жарыссөзге шыққан, Ерекеңмен бірге жұмыс істеген екі адам пленумда Әуелбековке күйе жағып, облыста жасаған еңбектерін сынаған.

Біріншісі Жаңақорған ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы С.Далдабаев: «В течение первых двух лет он занимался не развитием экономики, занимался поиском лишь негативных сторон, что привело к разгрому кадрового корпуса. …

Мне кажется, природный недостаток тов. Ауельбекова Е.Н., в том, что он не верит никому, особенно местным кызылординцам, все ему кажутся недостойными, сомнительными, негативными. Самое главное, еще раз повторяю, он недооценивает людей труда, трудовые показатели…

Он постоянно издевался, всячески оскорблял кадры. Нам думается, не от того ли все это, что он сам не владеет этими достоинствами.

Тов. Ауельбеков всюду выставляет себя единственным поборником перестройки, великомучеником за судьбу Арала. А на деле, как мы все больше и больше убеждаемся, эти утверждения нужны ему для саморекламы, его стиль работы является самым показательным прообразом админстративно-командного метода. Его диктаторские замашки подавляют инициативу всего актива области, а самое главное, он не умеет говорить с людьми…

Во-вторых, я должен отметить, что за четыре с половиной года работы тов. Ауельбекова Е.Н. первым секретарем обкома у нас, если подойти критически, не произошло коренных экономических преобразований, осебенно в сельском хозяйстве, только больше стало шумихи, разговоров, нервотрепки, а если есть какие-то сдвиги, то ведь должен же быть закономерный динамичный рост. …

Если говорить о кадрах, то я должен отметить, что за последние годы кадровой политике областной партийной организации был нанесен большой урон. Дело в том, что вы, тов. Ауельбеков, еще раз повторяю, не умеете работать с кадрами. Вы не умеете говорить с ними, не умеете оценивать их работу. Вами постоянно игнорировался принцип выдвижения кадров. У Вас утвердилось чувство недоверия и пренебрежения к местным кадрам. По вашей личной инициативе многие руководящие кадры были завезены со стороны, пусть это будет сказано не в обиду всем приезжим товарищам. …

Вместе с тем у меня возникает вопрос, неужели все эти качества тов. Ауельбекова не замечают в ЦК КПСС, в ЦК Компартии Казахстана. Почему не изучают продвигаемые им кадры? …

Уважаемый Нурсултан Абишевич! У нас большая просьба к Вам, поддержать нас кызылординцев водой, ибо социально-экономическое развитие и процветание области связно непосредственно с водой, только лишь водой, у нас нет жизни без воды! На данный момент основой экономики у нас является рисоводство. …» деп айтыпты (Шәменов А. Сабыр. Алматы, 2018, 395-399-бб. Баяндама  қысқартылып  берілді).

Жаңақорған ауданы бірінші хатшысының жасаған баяндамасы тек Е.Әуелбековтің Қызылорда облысында атқарған жұмыстарына барынша, ойының, тілінің жеткенінше қара «күйе» жағумен, «топырақ шашумен», елі үшін бар атқарған жұмысын жоққа шығару болған. Сырдария өзенінің сағасында отырып, Назарбаевтан сумен көмектес деп айтудың өзі аудан басқарып отырған хатшының ой-өрісінің, парасатының жеткен жері ғой.

Екіншісі Қ.Қайруллаев, облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы, Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің мүшесі: «…Как бы там ни было, мы отдаем должное Еркину Нуржановичу в том, что им сделано немало для подъема экономики области, укрепления дисциплины и ускорения хода перестройки. Признанием его заслуги орган государстенной власти. …

Второе. Надо поправить допущенные перекосы в кадровой работе, когда основная ставка была сделана на массовый завоз кадров извне, под видом их ротации.. …

Говоря о кадрах, не могу обойти такой принципиально важный вопрос. В последние годы у нас как-то извращенно стали понимать сущеность борьбы с такими пережитками, как деление на жузы, племена и рода. Сколько лет партия вела борьбу с тем, чтобы вытравить из сознания людей это страшное наследие феодализма. И вдруг на семидесятом году советской власти нам стали указывать кто есть кто, то есть он «акудай», ты «кипчак», тот «кожа» и т.д. Причем это говорит не рядовой коммунист, не какой-нибудь неформал, а партийнный руководитель. В результате в партийных комитетах стали считать, что определяющим критерием для выдвижения являются не личностные качества, а родовые признаки»  депті  (Сонда. 399-400-бб. Баяндама қысқартылып  берілді).

Оның «тырнағының астынан кір іздеген «қырттар», Крыловтың «Пілге үрген кандені» сияқтылар, кезінде тауып айттым, көпшілік қолдады деп мәз болып мақтанды…

Еркін  Нұржанұлы  обкомның  III Пленумында соңғы сөйлеген баяндамасында: «Трагедия Арала – это трагедия  народов Средней Азии и Казахстана. И проблемы сохранения Аральского моря, коренного улучшения санитарной и экологической обстановки в регионе должны всегда быть на виду у первого секретаря обкома партии. …

Отсюда я уезжаю с полной верой в партийный актив, коммунистов, трудящихся области, что Вы по достоинству оцените мой нелегкий, но честный труд на посту первого секретаря обкома партии. Признаю, что мне иногда в общении с кадрами недоставало душевности, теплоты. Иногда был черезмерно жестким, что вызывало у отдельных товарищей по работе чувство боязни и они не всегда бывали со мной откровенны. Даже если я и был чересчур суров, то делалось это ради интересов дела, во имя расцвета земли кызылординской, подъема благосостояния трудящихся области. Других помыслов у меня не было» деп айтыпты (Сабыр. 406-407-бб).

Д.Қонаев Қазақстанды 31 жыл басқарып отырғанда, облыс басшыларының 7-8-і ғана қазақ ұлтынан болды, солардың бірі үш облысты (Көкшетау, Торғай, Қызылорда) басқарған Еркін Әуелбеков туралы естелік-эссесінде берген бағасы: «Сөз сөйлеген делегаттар баяндамаға «мәні терең, принципті және өзара сынға құралған» деп баға берді. Әлбетте, ел ішінде алабөтен ойы бар кісілер де жоқ емес еді. Сын семсері (Әуелбековтің сөзін айтып отырмын*) тұп-тура менің төбеме «жалаңдатқан» да болды. Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды, бәлкім, оның сөзінде жан жоқ демеймін. Тек мені секім алдыратыны: осы Әуелбеков Қазақстан Компартиясының өткен XV съезінде, тіпті таяуда ғана, Орталық Комитеттің соңғы пленумдарының бірінде мені жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, өзімді қоярға жер таппай қысылғаным бар… Бір рет болса мейлі ғой… Енді келіп былай сөйлейді. Сонда қалай?… Шын мәнісінде, ол өз пікірін жағдайға қарай өзгертіп отырады. Тап күнбағыс секілді, күн қалай ауса, бетін солай беретін. Дәлірек айтқанда – мұндай адамдар жел ығын жетік біледі» депті (Сонда, 336-б).

Автордың  ескертуі: Д.Қонаевтың айтып отырғаны 8 ақпан 1986 жылғы Қазақстан Коммунистер партиясының XVI cъезіндегі Е.Әуелбековтің баяндамасы* жайында: «Такое положение в области возникло не вдруг. А складывалось годами. Знали ли об этом Бюро ЦК Компарии Казахстана и его отделы? Более того, бывший первый секретарь обкома партии Абдукаримов неизвестно за какие заслуги был даже выдвинут Председателем Президиума Верховного Совета Казахской ССР, затем скоротечно втихомолку освобожден. С почестями ушел на пенсию в начале прошлого года другой бывший первый секретарь Есетов. Ни один из них не получил со стороны Центрального Комитета Компартии Казахстана острой принципиальной  оценки  своей  деятельности.

Когда идет речь об утверждении крупных работников, мы должны узнавать об этом не только по сообщению газет, радио и указов, а потом уже изучать их анкетные данные. Это должно быть закономерным результатом роста наших кадров (они у нас есть), а не неожиданностью. Для этого надо коренным образом улучшать работу с резервом. …Нужно передавать гласности все негативные  явления, нарушения, повысить ответственность за решение вопросов Совета Министров, министерств и ведомств республики» (XVI съезд Коммунистической партии Казахстана.  Стенографический  отчет.  Алма-Ата, 1986.  Қысқартылып  берілді.  143-145-бб).

Е.Әуелбековтің 1985-1989 жылдары төрт жарым жыл Қызылорда облысында басшылық қызметі осы күнге дейін ел аузында айтылады. Ол кісі туралы көбіне аға буын өкілдері жарқын естеліктер сақтап отыр. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин сұхбатында: «Әрине, ертеректе Еркін Әуелбековтің шоқтығы биік болатын. Қазақстаннан Колбин кеткен соң, елді енді кім басқарады дегенде, үміткерлер тізімінде Әуелбеков бірінші тұратын. Алайда Еркінді сол орынға жібергісі келмейтіндер, аяғынан шалуға тырысқандар өте көп болды. Солардың бірі – қазіргі Елбасымыз. Кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Президент болғанда, өзіне кеңесші етіп Әуелбековті сайлады. Сол жылдары Еркінмен жолығып, әңгімелесе қалсам, ол Президентке үнемі наразы  екендігін  айтатын.  Өндірісті де, ауыл шаруашылығын  да  оңдырмай,  халықты әбден  жүдетті деп налитын.

…Үміткерлердің ішінде жала жабылмағаны жоқ. Тек Мақтай Сағдиевке ғана арыз аз түсті. Ал қалған үміткерлердің барлығы да жаланың астында қалды. Әсіресе, Президентіміз Назарбаевтың үстінен ең көп арыз түсті. Оны жасырып не бар, осынау шексіз арыздар үміткерлердің өзара таласынан, әрқайсысы билікке тезірек қол жеткізгісі келген ниеттерінен де тууы мүмкін. Мәскеуде де, Қазақстанда да Колбиннің орнына деген бәсекелестік қызу жүріп жатты. Тіпті, Әуелбековтің үстінен арыз жазғандардың арасында бәріміз танитын Олжас Сүлейменов те бар. Қазақстанды басқаруға лайықты азаматтар қатарында Әуелбековтің де есімі халық аузымен айтылды» деп берген  («Аңыз адам» журналы. №19 (199) 1-15 қазан. 2018, 11-б).

Журналист Ермұрат Бапи: «Бірақ, Әуелбеков өкінішке қарай, Н.Назарбаев пен оның шашбауын көтерушілердің, Кремль мен Алматының арасындағы ұйымдастырған небір саяси қитұрқы ойындардың құрбаны болды. Ал бірінші хатшылыққа өткен қазіргі президентіміз ел тізгінін ұстаған соң бірінші кезекте елдің болашағын емес, өз төңірегіндегі отбасылық кланды қойды. …Тәуелсіздік алғаннан кейін де билік Әуелбековтың қызмет істегенін қаламады. Қызметтен мүлде шеттетілді. Содан көп ұзамай дүниеден өтті» деп Назарбаевтың Е.Әуелбековті Мәскеуге жіберудің себебі осы болуы мүмкін екенін айтты («Дат» газетінің бас оқырманы. Аңыз адам. №19 (199) 1-15 қазан, 2018, 32-б).

Қонаев та, кейін Назарбаев та қызметтен шеттеткен Әуелбеков кезінде екеуін де қатаң сынаған. Қуаныш Сұлтанов та 1987 жылы Әуелбековті «інісінің қызметін өсірді, тамыр-таныс, туған-туыстықтың тамыры осындай тереңде жатыр» деп айыптаған.

Саясаткер  Жасарал  Қуанышалин: «…Келешекте Еркін Әуелбековті мұқият зерттеуді қажет ететін ірі тұлғалардың бірі деп есептеймін. Оның өз орны болу керек. Мен болашақта солай болады деп сенемін. Оған күмән жоқ» деп жазыпты («Аңыз адам» журналы. №19 (199) 1-15 қазан. 2018, 32-б).

Әр басшы – өз дәуірінің қызметкері. Еркін Әуелбеков – Коммунистік партияның әділдік пен теңдік заманын орнату үшін күрескен қоғам қайраткері. Біз өткен Кеңестік заманның заңы мен табиғатына, тарихына, әрқилы кезеңіне, өзгерістеріне түсіністікпен қарауымыз керек. Пенде болғасын, қателеспейтін адам жоқ. Ерекеңнің де қатесі болған да шығар, бірақ басқа жұмысқа ауысып бара жатқан кезде, қарамағындағы бірге жұмыс атқарған қызметкерлерінен, жұмыс бабында артық айтқан сөздері үшін олардан кешірім  сұраған.

Еркін  Әуелбековтің  туғанына 80 жыл толуына орай жарық көрген «Дара тұлға» кітабы мен «Аңыз адам» журналында (№19 (199) 1-15 қазан 2018) оның өміріне арнап жазылған мақалаларды, сұхбаттарды оқып отырып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген азамат оның еліне жасаған еңбектерін, халқына жасаған жақсылықтарын,  әділ  де  адал  ойымен, өмірден  боямасыз,  таза  шындығын  жазыпты.

Еркін Нұржанұлы журналиске берген сұхбаттарының бірінде өзі туралы: «Мен артымда ешқандай дүние-мүлік, байлық қалдырған жоқпын, халқыма, еліме барынша адал және таза қызмет еттім, ар-ұятыма, кісілігіме, адамгершілігіме қылдай дақ түсірген жоқпын, менің ұрпағыма қалдырған ең қымбат қазынам да, мұрам да сол!» дегені – нағыз халқы үшін туған азаматтың жауабы. Осындай  өміршең кейіпкерлер арқылы тағылымды да танымды тарих беттері айшықталып, жасалады. Сондай біртуар азаматтардың қасиеттері мен өнегелі істерін өскелең ұрпаққа паш ететін, ел тұтқасын ұстайтын, дара тұлғалар ортамызда санарлықтай-ақ аз.

Еркін Нұржанұлы өз халқының бағына жарқырап туған жұлдыз еді. Өмірден жарық жұлдыз болып өтті.

Қызылорда облысын басқаруға Еркін Әуелбековтің орнына келген, мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов: «Әділеттілік үшін айтуым керек. Күннің жарығын бүркемелеу қандай қиын болса, Еркін Әуелбековтің азаматтығын, іскерлігін, қайраткерлігін, қажырлығын, өнегелі өмірін, өшпес ізін, өлмес ісін, тарихи тағдырлы сөздерін ешкім жоққа шығара алмайды» деп мақаласында  ағынан  жарылыпты  («Еңбектің әміршісі»).

Бауыржан Момышұлын жерлеу сәтінде азалы жиында Тахауи Ахтанов: «Бауыржан Момышұлы – мына ноқталы дүниеде, ноқтаға басы сыймай кеткен адам» деп айтыпты. Еркін Нұржанұлы да егемендіктің таңы атып, өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, жаңа құрылып жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне қарым-қабілетін, білім-білігін, күш-жігерін, адамгершілігін, іскерлігін, өмірде жинаған тәжірибесін жұмсап қызмет ететін, халқының келешегін ойлайтын азаматтың «ноқтаға басы сыймай кеткенін», «ноқталауға» көнбей кеткен адам деп айта аламыз.

«Таулар алыстаған сайын биіктей түседі» дейді. Бұл Еркін Әуелбековке де қатысты. Е.Нұржанұлының Қызылорда облысына істеген  жақсылығын  халық  аңызға бергісіз әлі  күнге  дейін  аузынан  тастамайды.

Әлібек  САБЫРБАЕВ,

зейнеткер, инженер-гидротехник

(Соңы.  Басы  өткен  санда.)

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: