Ежелгі Грекия – поэзия мен театрдың, ғылымның, сондай-ақ, спорттың отаны. Жалпы, бүгінгі батыс мәдениеті гректердің арқасында қалыптасып, неше түрлі архитектуралық ғимараттар бой көтерді. Ал грек мәдениетінің бастау алуына бірден-бір себеп – философия. Платон, Аристотель, Сократ, Эпикур секілді ойшылдардың таным-түсінігінің, еңбектерінің арқасында бүгінгі мәдениет қалыптасты. Грек-Рим философиясын ғалымдар Үнді-Қытай философиясымен бір қатарға қояды. Ежелгі грек ғалымдарының әмбебаптығы сонша, олар ғылыммен қоса спортты да қатар алып жүрген деседі. Олардың ой-толғаулары күні бүгінге дейін ғылымда, тіпті күнделікті өмірде қолданылып келеді. Әйгілі грек философтарының ойсалар біршама дәйексөзін орыс тілінен аударып, назарларыңызға ұсынсақ.
Адам баласы бос уақыт үшін жұмыс істейді және бейбіт өмір үшін соғысады.
Аристотель
Өзіңнің қолың жететін дүниені Құдайдан сұрау – нағыз ақымақтық.
Эпикур
Адам екі жыл сөйлеп үйренеді, ал қалған өмірінде үнсіздікке бейімделеді.
Аристотель
Егер адам өзгені емес, өзін бақытты қылу үшін әрекет жасаса, нағыз бақытты өмірге қадам басқаны.
Платон
Саясатқа араласпауды құп көретін ақылды адамдар өздерін биліктегі топас адамдар басқаруы арқылы жазаланады.
Платон
Табиғат бізге көп мүшені екі-екеуден берді. Құлақты, көзді, бірақ тілді емес. Неліктен десеңіз, көпті көру үшін, тыңдау үшін, бірақ аз сөйлеу үшін.
Сократ
Егер де өмірде еш рақат болмаса, қандай да бір мән болу керек шығар?
Диоген
Дұшпандарын талқандағанның бәрі батыр емес, өз құмарлығын басқара білген де – батыр. Кейбірі қаланы билеп жүріп-ақ әйелдердің құлы болып жүр емес пе?
Демокрит
Маскүнемнен ішімдіктен қалай құтылу керектігін сұраңызшы. Мен-ақ жауап берейін: мас күйінде жасаған әрекеттерін көбірек еске алсын.
Пифагор
Азға қанағат етпеген адам ештеңеге қанағат етпейді.
Эпикур
Дәрігер өзіне қандай да бір науқас жүгінсе, науқас диагнозының анықтамасы немесе түсініктемесін емес, көмек күтіп жүгініп тұрғанын ескеруі қажет.
Гиппократ
Орыс тілінен аударған
Айтілес АБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!