Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

59 млрд: Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы аударылуда

16.05.2024, 11:30 218

Жаңа қабылданған Әлеуметтік кодекс саланың әлеуетін біршама арттырды. Игіліктердің легі мұнымен тоқтамайды. Биыл да бұл салада жақсы өзгерістер жетерлік. Әсіресе, жұмыс беруші тарапынан аударылатын міндетті зейнетақы жарнасы алғаш рет енгізіліп, алғашқы төлемдер аударылып үлгерді.

Жыл басынан бері төрт айда «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс беруші тарапынан аударылған 59 млрд теңге көлемінде 1.7 млрд төлем өңдеді. Мұндай міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған әр қызметкер үшін табысының 1.5 % мөлшерінде төленіп отырады. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Тек содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

Жұмыс беругінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖБМЗМ) он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

Шартты жинақтар – зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс. Демек, зейнетақы жарналары ай сайын қызметкердің бір айға есептелген табысы сомасынан белгіленеді. Ескеретін жағдай, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуы, белгіленген жағдайларда өсімпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруына бақылау жүргізіліп, жүйе реттеліп отырады.

Қоғам үшін әлеуметтік төлемдердің маңызы жоғары. Мемлекет әр азаматы үшін қолайлы өмір сүру деңгейін қалыптастырып, мейлінше өмір сапасын арттыруға мүдделі. Сондықтан, біздің бұйымтай – мемлекет жасаған оң қадамның игілігін әр ел тұрғыны көріп, өз мұқтажына пайланса игі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: