google.com
Фортификация – өнімді адам денсаулығы үшін қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту процесі.
ДДСҰ деректеріне сәйкес денсаулық сақтау бойынша іс-шаралардың 15%-ы ғана Денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлт денсаулығы 70%-ға өмір салтына, бірінші кезекте тиімді тамақтануға байланысты.
Витаминдер мен минералдар қоректік заттар жетіспеушілігінің, соның ішінде темір тапшылығы анемиясының, бірқатар аурулар мен туа біткен кемістіктердің алдын алуға ықпал етеді. Оларды қалпына келтірудің ең дұрыс тәсілі – тамақты, оның ішінде ұнды витаминдермен және микроэлементтермен байыту. Ұн – бұл фортификация үшін өте ыңғайлы өнім, өйткені ол жаппай тамақ өнімдерінің қатарына кіреді және ұннан жасалған өнімдер емес нақты ұнды фортификациялау тұтынушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 111-бабына сәйкес темір тапшылығы жағдайларының алдын алу бойынша талаптар регламенттеледі, онда белгілі бір сұрыпты ұнды микроэлементтермен және витаминдермен міндетті түрде байыту көзделген:
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытылуға (фортификациялануға) жатады.
Қазақстанда ұнды фортификациялау үшін халықтың қажеттілігін, климаттық, географиялық және басқа факторларды ескере отырып, Қазақ тағамтану академиясымен арнайы әзірленген және сыналған дәрумендер мен минералдардың қоспасы (премикс) пайдаланылады. Ұн тарту кәсіпорындарында жоғары және бірінші сұрыптағы ұнды өндірудің соңғы кезеңінде дозатордың көмегімен бір тоннаға 150 грамм есебінен премикс қосылады. Содан кейін арнайы құрылғы дайын өнімнің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін барлық дәрумендерді мұқият араластырады.
Темірмен байытылған ұнды тұтыну организмдегі темір мөлшерінің артуына әкелмейді. Керісінше, мұндай ұнды қолданудың әсері бірден пайда болмайды. Гемоглобин деңгейі қалпына келуі үшін байытылған ұн мен нанды үнемі тұтыну қажет.
Фортификация халықтың денсаулық деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Алима Абдушукурова,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологогиялық
бақылау басқармасының бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!