Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының емханаларында 21 медицина қызметкері сертификатсыз жұмыс істеген

20.12.2023, 9:20 263

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының прокуратура органдарымен денсаулық сақтау заңнамаларының сақталуына қадағалау жалғасуда.

Ағымдағы жылы прокуратура органдары бұл бағытта 19 (7 аудандық аурухана, 8 қалалық емхана, балалар ауруханасы, психикалық денсаулық орталығы, сәбилер үйі, электронды денсаулық орталығы) тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды жоюға бағытталған 52 қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесімен 13 мың адамның құқығы қорғалды, бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік (140) және әкімшілік жауаптылықтарға (102) тартылды.

Бюджетке 27 млн теңге өндірілді.

Мысалы, Қызылорда қаласының 1300 астам тұрғынын басқа медициналық ұйымға ескертпестен заңсыз бекіту фактілері анықталды.

Қабылданған шаралармен азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, 31 млн теңге сомасына бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді (3 тәртіптік жауапқа тартылды).

Сонымен бірге, әскери борышын өтеуге кеткен және тұрғылықты мекенжайында тұрмайтын адамдардың алғашқы медициналық көмек үшін төленген 19,6 млн теңге бюджет қаржысы мемлекетке қайтарылды.

Мысалы, әскери борышын өтеуге жөнелтіліп, тұрғылықты мекенжайында болмаған 915 тұлғаға 17 млн теңге төлеген.

Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарының тегін медициналық көмек алу мәселесін көтердік.

Байқоңыр қаласы тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыру Ресей Федерациясы заңнамасы бойынша жүргізіледі.

Ресей Федерациясымен жасалған Келісімге сәйкес Байқоңыр қаласының зейнеткерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде жоқ.

Осыған байланысты Байқоңыр қаласының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмек алмай келген. 

Мәселенің шешімін табу үшін «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңына тиісті толықтыру енгізуді қажет етті.

Осы орайда Денсаулық сақтау және Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау министрліктері заңға өзгеріс енгізу жөнінде қызметтік хат жолданды. 

Тиісті сертификатсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу.

Облыс аумағында денсаулық сақтау саласында тиісті сертификаты жоқ тұлғалар фармацевтикалық қызметпен айналысқан.

Мысалы, №3 қалалық емханада маман сертификаты жоқ 2 тұлғаның «ренгтген-зертханашысы» ретінде жұмысқа қабылданған.

Жалпы, Қызылорда қаласының емханаларында 21 медицина қызметкері сертификатсыз жұмыс істегені анықталып, қадағалау актілері енгізілді.

Осыдан кейін аталған мамандар тиісті біліктіліктен өтіп, сертификат алды. 

Тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылы медицина ұйымдарында жүргізілген тексерумен облыс бойынша 21 мың науқастың тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Мысалы, Қазалы аудандық ауруханасымен 2 942 науқас тегін дәрілік заттармен тек ішінара қамтамасыз етілсе, 400 науқас мүлдем қамтамасыз етілмеген.

Одан бөлек қала, аудан аумағындағы медицина ұйымдарында 6 жасқа дейінгі 2 мыңнан астам балаға дәрілік рецептілер негізсіз жазылған.

Ал, Сәбилер үйінде балаларға қарсы көрсетілімі бар дәрілік заттар негізсіз сатып алынып, тағайындалған.

Прокуратураның ұсынуымен заңбұзушылықтар жойылды.

Медицина қызметкерлерінің жағдайы да назардан тыс қалған жоқ.

Ішінара тексерумен облыс бойынша медицина қызметкерлері арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен талапқа сәйкес қамтамасыз етілмегені анықталды.

Бұндай фактілер тексерумен қамтылған 9 медицина ұйымында болған.

Қадағалау актісінің қаралуымен қызметкерлерді арнайы киімдермен қамтамасыз етілуде.

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: