Ресей телеарнасындағы интеллектуальдық «Не? Қайда? Қашан?» ойыны жүріп жатқанда мынадай сұрақ қойылды. «Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери ұшқыштар өздерімен бірге асханада қолданылатын үлкен чугун табаны (сковорода) өздерімен бірге не үшін алып жүрді?». Сұраққа ең мықты Виктор Сидневтің командасы жауап беруге тура келді. Команданың берген жауабы мынадай болды: «Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, рация болған жоқ. Аспанды тұман басқан кезде, бірін-бірі көре алмайтын, сондықтан қасындағы ұшқыштар табаны темірмен ұрып белгі беретін еді, ұшқыштар осылайша бір-бірінен ажырап қалмайтын». Бұл жауап дұрыс емес еді!
Дұрыс жауапты білу үшін сол кездегі орыс армиясының мына аэроплан (самолет сөзі кейін шықты) фотосын көріңіздер. Ол кездегі аэроплан түгелдей фанерамен қапталды, моторы мен каркасы ғана темір болды. Ұшқыш пен көмекшісінің қасында бомба тұр, нысана үстінен өткенде оны қолмен лақтыратын еді, ұшқыш артындағы екінші орындықта отыратын. Аэроплан 1000-1500 метр биіктікте ұшатын, бомба дәл түсу үшін не аэрофотоға түсіру үшін 400 метрге дейін төмендеп ұшатын, сол кезде жау жағы винтовкамен оқ жаудыратын, оқ фанерадан тесіп өтіп ұшқыштың жамбасына тиетін. Міне, оқтан қорғану үшін ұшқыштар дүкеннен үлкен асханалық чугун табаны сатып алатын, ұшқыш өзінің орындығының былғары қаптамасын ашып ішіне табаны қойып, қайтадан тігіп тастайтын. Әйтпесе темір таба жамбасына батады және отыруға да ыңғайсыз болатын. Сол кездегі дерек бойынша ұшқыштардың басым көпшілігі жамбасынан тиген оқ ішкі құрылысына өтіп кетіп өлетін болған. Алдындағы тұрған максим пулеметтен көмекшісі қарсы келген жау истребителін атып түсіретін болғандықтан, одан онша қауіп болмаған. Ең қауіптісі жамбастан тиген оқ болғасын, ұшқыштар асханалық чугун табаны қалқан қылып астына қоюға мәжбүр болған.
Бастапқыда ұшқыштар дүкендерден үлкен чугун таба сатып алып жатқанын түсінбегендер: «Бұл табаны не істейсіңдер?» деп сұрағандарға, ұшқыштар ашуланып: «аспанға көтерілген кезде екі жұмыртқамызды қуырып жейміз!» деп жауап қайтарған екен. Кейін бәрі білетін болғасын түсіністікпен қарапты.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!