Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 900 грамм салмақта дүниеге келген нәресте үйіне шығарылды

29.05.2023, 9:26 346

HALYQLINE.KZ

Қызылордада наурызда 900 грамм салмақта дүниеге келген екі айдан кейін үйіне аман-есен шығарылды.

Биыл 28 наурызда Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Мөлдір Жұбаниязова облыстық перинаталдық орталығында жүктіліктің 27-ші аптасы мерзімінде шарананы дүниеге алып келді. Нәрестенің салмағы 900 грам болса , бойы 30 сантиметр болды.

«Облыстық перинаталдық орталық мамандары нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия  бөлімшесінде сәбиге ерекше күтім жасады. Оған сапалы емдеу жасап, ұзақ уақыт бойы бақылауды жүргізді. Нәтижесінде сәби 27-ші тәулікте нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Онда аса ұқыптылықпен күтім жасалып, сапалы емі жүргізу жалғасты. Өмірге келгеніне шамамен 2 ай өткенде, 58-ші тәулікте аман-есен анасымен үйіне шығарылды, Сәбидің салмағы 2 келі болды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Облыстық  перинаталдық орталығында жыл басынан бері 275 сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Орталық шала туған сәбилерді күтуге, оңалтуға қажетті жабдықтардың барлығымен толық қамтылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: