Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1726 жылғы бүкілхалықтық Құрылтай қай жерде өтті?

30.03.2023, 10:20 1467

1726 жылғы бүкілхалықтық Құрылтайда Кіші жүз ханы Әбіл­қайыр ханды Үш жүз әскерінің бас қолбасшысы, Бөгенбай батырды ұрыс туын ұстаушы етіп сайлағаны баршаға аян. Тарихшылардың арасында Құрылтайдың өткен жері тура­лы екі түрлі пікір қалыптасқан. Біріншісі – Ордабасыда, екіншісі – Арал маңындағы Қарақұмда. Соны­мен бірге ұрыс туын ұстаушыны бір тарихшы Кіші жүз Табын Бөгенбай батыр деп жазса, екіншісі Арғын Бөген­бай батыр дейді. Тарихшылардың ортасында бір ортақ пікір қалып­таспағанын  байқаймыз.

Біз бұл мақалада 1726 жылғы Құрылтайдың өткен жері туралы екі пікірді де көрсетеміз және зерттеу­шілердің пікірлеріне жауап жазып, өз  көзқарасымызды  білдіреміз.

1726 жылғы бүкілхалықтық Құрылтай Ордабасыда болған деген пікірлер:

Бірінші, М.Тынышпаевтың пікірі бойынша: «Наступавшие колонны 3-х Орды сошлись, по нашему, в местности… у горы «Орда басы», что в переводе значит – «Глава Орды» или «Главная ставка». …Мы пола­гаем, что именно здесь «общее предприятие освящено клятвой в верности друг другу», и здесь «главным  предводителем  был выбран Абул­хаир-хан, и белый  конь (ак-боз-ат) принесенный по обычаю народному в жертву, был принят залогом будущего успеха». Следы дальнейшего победоносного шествия казаков, мы видим в названиях урочищ «Улкен Орда конган» и «Кши Орда конган» в верховьях р. Боролдая и Кошкар-Ат­а», – деп А.А.Диваев пен А.И.Левшинның аңыздарға сүйе­ніп жазған пікірлерін негізге алып, осындай тұжырым  жасайды (История…  Алматы, 2002, 164-б).

М.Тынышпаев осы зерттеуінің екінші  бір  жерінде тағы да қайталайды. Ол: «Соединение  трех нас­тупающих групп, по нашему, прои­зошло у горки  Орда-басы, что  значит – «Глава Орды»  или  «Главная  ставка».

…во многочисленных логах волнистой местности могут быть скрыты значительные полчища казаков, то можно быть уверенным, что здесь некогда была «Главная Ставка» казакских сил; мы даже уверены, что именно здесь «общее предприятие… освящено клятвою в верности друг другу» и здесь «главным предводителем»  был выбран Абулхаир-хан, «и белый конь [ак-боз-ат], принесенный по обычаю народному в жертву, был принят залогом будущего успеха» (Левшин, часть II, стр. 71). …Младшим ханом был Абулхаир, командовавший всеми казакскими силами; Кши-Орда конган – место стоянки его ставки» (История казахского народа. Алматы, 2002, 192, 193-б).

Екінші, И.В.Ерофееваның Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханды Орда­басыда Үш жүз жауынгерлеріне бас қолбасшы етіп сайлағаны туралы бірінші пікірі бойынша: «Абул­хаир развернул свои войска на юг, прорвался через плотный заслон джунгарских передовых постов в районе  среднего течения Сырдарьи к г. Туркестану  и  в  начале 1724 г. прис­тупом взял его, заставив джунгарского полководца Шоно-Лаузана (ум. 1732) отступить к Каратауским вершинам. Около года он удерживал Туркестан и окрестные селения под своим конторолем, но в начале 1725 г. под напором намно­го превосходивших сил противника был вынужден оставить Южный Казахстан и откочевал с группой баты­ров на территории Бухарского ханства. Из Бухары он вновь откочевал на северо-запад Казахстана и пос­ле нескольких крупных набегов на станицы яицких казаков и кочевья волжских калмыков, проходивших с переменным успехом, в 1726 г. снова появился  в южных  кочевых  казахов.

Принимая во внимание высокий мобилизационный потенциал и воинские заслуги Абулхаир, в том же году в местности Орда Басы недалеко от Шымкента на объединительном съезде предводителей казахских ополченческих отрядов присутствовавшие там чингизиды-военачальники и народные батыры избрали его главнокомандующим соединенными силами трех жузов для борьбы с джунгарской экспансией. …которые в 1727 – начала 1730 г. под командованием Абулхаира одержал крупные победы над войсками ойратов в сражениях при р. Буланты (1727) и знаменитой Анракайской битве (кон. 1729 – нач. 1730-х гг.)…», – деп ол 1726 жылы Әбілқайыр хан оңтүстікке қайта келіп, жоңғарларды Қаратау асырып қуып жібергенін жазады (Абулхайр. //Қойтанов Ә. Әбілқайыр. Аңыз  бен  ақиқат. 297, 298-б).

Үшінші, тарих ғылымының докторы, профессор Әбілсейіт Мұхтар 1726 жылы Ордабасыда Құрылтайдың болғанына: «Кеңестік тарихнамада жоңғармен күрестегі бетбұрыс кезең 1727 жыл, ал белсенді күрес­тің басталуы 1726 жыл деп есептелген. …Оған Бұқардағы орыс елшісі Флорио Беневенидің Сыртқы істер коллегиясына 1725 жылы 15 қаңтардағы хабары дәлел бола алады. Хабар бойын­ша Әбілқайыр ханның Түркістанды қайтарып алғандығын байқаймыз (К истории каракалпаков. XIII в. // Красный  архив. 1938. Т. 6. 245-б).

…1726 жылы күзде ұйымдастырылып, Шымкент қаласының батысындағы қазіргі Бадам станциясының төңірегіндегі Ордабасыда өткен бүкіл қазақтың Кеңесі бірден-бір бетбұрыс  оқиғаның  негізін  қалады.

Ордабасыдағы Құрылтайда бас қолбасшы болып Кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланған…», – деп жазады (Қойтанов Ә. Әбілқайыр хан. Аңыз бен ақиқат. Алматы, 2018, 61-62-бб. // Азаттық  таңы  жолында).

Төртінші, т.ғ.д., профессор Б.Е.Көмеков пен т.ғ.к. С.К.Өте­нияз:  «1724 жылдың жазы біткенде Әбілқайыр өз әскерін қазақ астанасы Түркістанды босатуға аттанды. Сол жылдың күзінде қажырлы шабуы­лымен қырғын соғыс жасап Түркіс­танды алды. Жоңғар қолбасшысы Шона-Лоузан амалсыздан қаланы тастап, Қаратау жаққа қашты. Соны­мен қатар Әбілқайыр 32 ұлыстың жерін жоңғарлардан босатып, 1725 жылы қайтадан батысқа кетті. Ол әлі де болса қауіп төніп тұрған Еділ қалмақ­тары мен орыс гарнизондарын талқандамақшы болса керек… Алайда Әбілқайыр кеткен соң Сыр бойы қайтадан жоңғардың қол астына түсті. (авт.асты сызылды).

1726  жылдың  ақырында үш жүздің игі жақсылары Ордабасыда – Шымкенттің батыс жағында бас қо­сып, Оңтүстік Қазақстанды азат ету үшін кеңес өткізді. Осынау үлкен басқосуда ірі тұлға Әбілқайыр болды. Себебі, оның халық алдындағы беделінің өскендігі ұшан-теңіз болатын… Кімде қанша әскер бар және қандай дайын­дық  керектігі  талқыланды.

Барлық әскерді бір орталықтан басқаратын етіп, яғни күш біріктіруге көп көңіл бөлінді. Осынау бүкіл қазақ елінен құралған жасақты бас­қару Әбілқайырға тапсырылды. Оның соңғы жиырма алты жыл ішіндегі жоңғар, қалмақ және орыстармен болған шайқастардағы батырлығы мен талантты қолбасшы болғандығы ескеріліп, енді қазақ елінің барлық әскерінің ұлы қолбасшысы болып тағайындалды», – деп пікірін  білдіреді (Қойтанов Ә. 177-б) // Әбіл­қайыр  хан).

Бесінші, Махамбет Хакимов Құрылтай 1728 жылы Сайрам қаласында болған деген пікірін білдіреді. Ол:  «…объединенные силы  всех  Жузов, во главе с ханом Абулхайром из Младшего Жуза, которого выб­рали общем предводителем войска казахов на всенародном маслихате около города Сайрам в 1728 г., продол­жили наступление на джунгар…», – деп пікірін  білдіреді (Атырау, 1997, 122-б).

Алтыншы, 1726 жылғы Үш жүздің хандары, билері мен батырларының бас қосып, жоңғар  шапқыншылығына қарсы тұру жиыны туралы Шапы­рашты Қазыбек бек Тауасарұлының не деп жазғанына артық сөз қоспай қайталаймыз: «Біз қаңтарда Шымбасқа (авт. – Шымкент) келген­де, Шона-Лаузан Асыны (авт. – Түркістанды) алған екен, бірақ Әбіл­қайыр қолды бастап Асыны да, ондағы қалмақ қолындағы 30 ұлыс елді қайтып алған. Көкбарақ батыр­дың, Балдан жансыздың айтуына қарағанда, ойраттар бар күшін Асы маңына жинамақ, бұл шайқас оларға да, қазаққа да сын болмақ. Осыны білген қазақтар 1104 (1726) – жылқы жылы Асының түстік шығысында, кейін Ордабасы аталып кеткен жерде кеңес құрды. Бұған Үш жүздің игі жақсыларының  бәрі жиналды. …Үлкен кеңестің аяғы Әбілқайыр­ды үш жүздің  қолына қолбасшы етіп сайлады, бірақ оны қазақтың бәрінің ханы  деп  жарияламады.   …бірақ  билер  ұрыс  туын Бөгенбайға көтертті. арғын  қарт Бөгенбай бола­тын», – деп жазады  (Түп-тұқыйаннан өзіме ше­йін. 2-басылым, Алматы, 2008, 93, 934-бб).

Жетінші, В.А.Моисеев Н.Г.Аполлованың зерттеуіне (Присоединение Казахстана к России в 30-х гг. XVIII в. Алма-Ата, 1948. Стр. 134-135) сүйе­ніп: «Все исследователи сходятся во мнении, что решающим фактором в избрании Абулхаира ханом были его военные заслуги в борьбе с джунгарамии калмыками. Действительно, в годы «Актабан шубырынды» (1723-1730) роль Абулхаира в отражении и последующем разгроме джунгарских войск были исключительно велика. Известно, что в 1726 г. на совещании представителей всех трех жузов он был избран старшим военачальником казахского ополчения и его именем связаны наиболее крупные победы казахов над джунгарами в этой войне…. По преданиям, избрание Абулхаира на ханство происходило на народном собрании в районе реки Бадам у горы «Орда-Басы», к западу от Шымкента. Точная дата не­известна. Нам представляется, что это произошло где-то на рубеже 20-х гг. XVIII в., в 1718 г. Абулхаир еще султан, а в 1726 г. – отправляет в Россию посольства  как  хан.

Более того, Абулхаир становится, вопреки утверждениям Н.Аполловой, и старшим ханом. Об этом свидетельствуют показания его современиков и сподвижников, частности батыра Младшего жуза Букенбая, не менее легендарного, чем его однофамилец и современник из Среднего жуза. Во время одной из встреч с А.И.Тевкелевым Букенбай заявил, что после Тауке Абулхаир «был главным и много чинил по своей воле, не имея ни от кого препятствия». Эти сведения потвердил впоследствии и хан Среднего жуза Самеке (Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. 62, 64-б), – деп Әбіл­қайырдың Үш жүздің аға ханы болып аталғанын жазады (Моисеев В.А. Абулхаир.//Қойтанов Ә. Әбілқайыр хан. Аңыз бен ақиқат. Алматы, 2018. 289, 290-бб).

1726 жылы Ордабасыда Әбіл­қайыр ханды Үш жүз әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлағаны туралы жеті зерттеушінің де пікірін бердік, бұлардан да басқа тарих зерттеу­шілерінің пікірлері бар болғанымен, олар да осы жеті зерттеушінің ойын қайталайды. Осы жетеудің ішінде Әбілқайырды 1728 жылы Сайрам қаласында сайлады деген М.Хакимовтың пікірін де көрсетіп отырмыз. М.Хакимовтың бұл деректі қайдан алғаны бізге белгісіз.

Осы пікірлерге өз уәжімізді келті­реміз:

Бірінші: 1723-1728 жылдар аралығында жоңғарлар оңтүстіктегі Сайрам, Иқан, Түркістан, Сығанақ, Сауран, Созақ, Ташкент, Ферғана қалаларын басып алады. И.В.Ерофеева: «В ходе этих военных походов войсками Галдана было захвачено одиннадцать городов, находившихся под властью казахского Тауке-хана (1680-1715): Туркестан (Ясу), Сайрам,  Манкент, Караспан (Хараспан), Шымкент (Чимыгэт), Теке (Текек), Бабенелген (?), Карамурт (Харамурол), Ташкент, Чинак и Отрар», – деп оңтүстіктегі Қазақ хандығына қараған, сауда жолындағы негізгі қалаларды басып алғанын көрсетеді (Аныракайский  треугольник.  Алматы, 2008, 17-б).

Осы жылдары Қазақ халқының «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырайтын кезі. Ұлы жүз­дің ханы Жолбарыс  пен Төле би жоңғардың  қол  астында  қалады.

Жоңғарға бағынбаған Орта жүз бен Ұлы жүздің сұлтандары мен батырлары Самарқанд пен Бұқара жаққа кетеді. Кіші жүздің жұртын «Сауран айналған» дейтіні осы кез, олар Қызылқұм арқылы Хиуаға ауады.

Екінші, Б.Е.Көмеков пен С.К.Өте­нияз: «(авт. – Әбілқайыр) 1725 жылы қайтадан батысқа кетті. Ол әлі де болса қауіп төніп тұрған Еділ қалмақтары мен орыс гарнизондарын талқандамақшы болса керек… Алайда Әбілқайыр кеткен соң Сыр бойы қайтадан жоңғар қол астына түсті», – деген пікірі айтып тұрған жоқ па? Яғни, Оңтүстік қайтадан жоңғардың қол астында қалған, 1726 жылы Құрылтай Ордабасыда өтуі мүмкін  емес.

Үшінші, 1726 жылы Ордабасыда Құрылтай болған десек, онда 1723-1728 жылдардағы бес жылға созыл­ған жоңғарлардың шабуылын, Сыр бойындағы Қазақ хандығына қара­ған бар қаласын басып алғанын, қазақ  халқын «Ақтабан шұбырындыға»  алып  келген зұлматты мойын­дамауымыз  керек.

Төртінші, Кіші жүз ханы Әбіл­қайыр хан қарамағындағы әскерін 1725 жылы батысқа алып кетсе, 1726 жылы Орта жүздің жерінде ел қорғайтын әскер де қалмаған болады. Ақтабан шұбырындыда ел басқаратын сұлтандар мен батырлар, Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек би Самарқанд пен Бұхара жаққа бас сауғалап кеткен болса, Ұлы жүздің бас биі Төле би Ташкентте жоңғарлардың қоластында қалды. 1726 жылы үш биіміздің үлкені Төле би Ташкентте жоңғардың қол астында болса, Орта жүздің биі Қаз дауыс­ты Қазыбек би Самарқанд жаққа жоңғардан бас сауғалап кетсе, Кіші жүздің бас биі Әйтеке би 1709 жылдары бақилық болса, Ордабасыдағы Құрылтайды қай бидің, қай ханның басшылығымен  өткізген?

Бесінші, т.ғ.д., профессор М.Вяткин: «Набег джунгарских ойратов под предводительством Шуна-баха­дура на казахские кочевья в 1723 г. сопровождался неисчислимыми бедствиями для казахского народа, потерей богатейших пастбищ Семир­ечья, пленением многих тысяч казахов. Казахи были вынуждены покинуть старые кочевья и массами переселиться в пределы среднеазиатских ханств – Бухарского и Хивинского. Около 1725 г. города Ташкент и Туркестан были потеряны казахами», – деп жоңғарлардың Қазақ хандығының астана болған екі қаласы Түркістан мен Ташкентті басып алғанын көрсетеді (Батыр Сырым, Алматы, 2002, 141-б).

Қорыта айтқанда, Ғалымдардың пікірі бойынша тек 1728 жылы барып Оңтүстік аумағын жоңғарлардан босататын болса, қалайша қалың жоңғар әскерлерінің ортасында 1726 жылы Ордабасыда Үш жүздің біріккен Құрылтайы өтеді? Адам баласының ақылына сыймайтын уақиға, яғни жалған айтылған болмай ма? Ешқандай «қалыпқа» сыймайтын пікір. Біздің  болжамымыз  бойынша, Ордабасыдан  Сайрам қаласына  дейін, шамамен 60 шақырым жер, 1720 жылы Сайрам үшін соғыста қазақ жауынгерлері «Үлкен орда», «Кіші орда» болып екі тақтаға бөлініп орналасқан. Ордабасы – сол маңдағы биік төбе, сондықтан қа­рауыл қарауға ыңғайлы, таптырмайтын биіктік. Қарауыл төбе ретінде пайдаланған. Бұл болжамымызға М.Тынышпаевтың Ордабасы туралы: «Прежде всего большой интерес представляет эта небольшая горка Орда-басы. Накланная терраса долин р. Арыс и Бадам, ограниченная Каратаускими, Алатаускими горами и отрогами их, усеяна отдельными возвышениями… Несмотря на свою незначительную высоту, Орд­а-басы расположена так, что командует над всей террасой: стоит только подняться из низин районов Арыстанды или Чаян (90-100 верст) или Боролдайской системы (50-60 верст), как сразу бросается в глаза характерная сопка Орда-басы; и наборот, Орда-басы можно обозреть все пространство, такое только доступно глазу дальнозоркого степняка», – деп жазғанынан байқайтынымыз, Орда­басы биіктігі – сол төңіректің ең биік қыраты, қарауыл төбеге ыңғайлы биіктік (История… Алматы, 2002, 192-б).

1726 жылдары Ұлы жүздің аумағы және Ұлы жүздің ханы Жолбарыс хан мен бас биі Төле би Ташкентте жоңғарлардың қоластында болды, жоңғар билігін мойындады. Ұлы жүзге қараған, жоңғар билігін мойын­дамаған кейбір сұлтандар, билер мен батырлар 1726 жылғы Арал маңындағы Қарақұм құрылтайына қатысқан  дейміз.

Ордабасыда 1726 жылы Құрылтай болды деген халық аңыздарына сүйеніп жазғаны туралы И.В.Ерофееваның: «К сожалению, прямые свидетельства об этих важных исторических событиях в письменных источниках того времени не зафиксированы. … о вышеупомянутых сражениях казахского ополченния с джунгарскими войсками сохранились только в народных преданиях казахов, записанных впервой четверти XX в. туркистанскими исследователями А.А.Диваевым, и М.Тынышпаевым. …двух самых крупных битв казахско-ойратской войны 1723-1730 г. носят приблизительных характер», – деп көрсетуі, яғни қағаз бетіне түскен құжаттардың жоқ­ты­ғынан, халық аңыздарына сүйеніп жазылған, сондықтан да тарих зерттеушілерінің арасында соғыс болған жылдары бірі-бірінен алшақ, бір-бірімен байланыспайды (Аныра­кайский треугольник. Алматы, 2008, 23-б).

Тоқетерін айтқанда, Шымкент қаласының батысындағы Бадам өзенінің бойындағы Ордабасыда Құрылтай болған деген пайымдау ойдан шығарылған пікір дейміз. Оған жоғарыда келтірген уәжіміз дәлел  болады.

(Жалғасы бар.)

Әлібек  САБЫРБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: