HALYQLINE.KZ Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандарға психологиялық кеңес беру, олардың өмір сүруге деген құлшынысын ояту, қоғам қатарына қосу – ҚАЖ мекемелеріндегі психологтардың басты міндеті.
Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты «37 мекеме» республикалық мемлекетті мекемесінің психологы Аманова Ақгүл Қанатқызының еңбегі ерекше. Ол – өз ісінің кәсіби шебері. Майталман маман ретінде әртүрлі мадақтамалар мен алғыс хаттарға ие болған. Әркез ізденіс үстінде жүреді. Жақында ғана Басқару қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясынан «Арт-терапияны пайдалана отырып, сотталғандардың психологиялық ерекшеліктерін диагностикалау және түзету» бағыты бойынша оқып, сертификат алды. Бүгінгі таңда осы оқуы бойынша алған білімі мен біліктілігін іс жүзінде жүзеге асыруда.
– «Сыртына қараған адам – тек түсін көреді, ішіне үңілген адам оянады» деп атақты психолог Карл Юнг айтқандай, сотталғандармен жұмыс барысында оларға ақыл айтушы емес, оларды көбірек тыңдап, жан жарасын емдеудің жолын іздеймін. Қабылдауымда болған әр сотталғанмен әңгімелесуді бастағанда, шағымын мұқият тыңдап, қажет жағдайда мақтап, қолдап отырамын. Сонда сотталған өзін түсініп, тыңдайтын адам бар екеніне көз жеткізіп, жан түкпіріндегі сырын ашады. Бүгін мен «ойын терапиясы» арқылы бостандыққа шыққалы отырған сотталғанмен сұхбат өткіздім. Сұхбат барысында бұл азамат бостандыққа шықанда өз-өзінің төңірегіндегілермен қандай қарым-қатынасқа түсу керектігі жайлы ішіндегі қорқыныш үрей сезімімен бөлісті. Өткізілген арт-терапия соңында бұл азамат өзінің ішкі эмоционалдық көңіл күйін реттеп, көңіл күйінің жақсарғанын білдірді, – дейді ол.
Иә, сотталғанға ерекше моральдық қолдау көрсету – оның отбасына, қоғамға лайықты азамат болып оралуының кепілі. Олай болса, сотталғандарды өмірге қайта бейімдеп жүрген психолог Ақгүл Қанатқызын нағыз адам жанының арашасы деп айтуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!