Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Санитарлық қағидалардың талаптарына уақытылы бақылау жүргізілмей қалды деп айтуға негіз жоқ

25.03.2022, 10:40 633

2022 жылдың 3 наурызында «Халық» газетінің №9 (1119) санында жарияланған «Сыныққа сылтау іздеу» немесе заң мен кодекс талаптарына бойсұнбайтын басшылар» тақырыбындағы жеке кәсіпкер С.Дарибаевтың мақаласына қатысты пікір  білдіремін.

Мақалада көрсетілгендей Қызыл­орда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма­сымен (әрі қарай – Басқарма) санитарлық қағидалардың талап­тарына уақытылы бақылау жүргізілмей қалды деп айтуға негіз жоқ. Басқармамен тәуекел дәрежесін бағалаудың ерекше тәртібі бойынша 2021 жылы 197 объектіге тексеру жұмы­сы жүргізілді, соның ішінде денсаулық сақтау және білім басқармасына  қарасты  нысандар  да  бар.

Тексеру жүргізудің өзінің қағидалары бар, осыған байланысты, Басқармамен 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 147-бабының 1-тармағына сәйкес тексерілетін объек­тілерге күнтізбелік 30 күн бұрын тексеру басталатын күн көрсетіліп хабарламалар беріледі. Ұсынылған хабарламалар негізінде объектілерге тексеру тағайындалып, кешенді тексеру  жұмыстары  жүргізіледі.

Кодекстің 143-бабының 3-тарма­ғында тексеру парақтарында белгі­ленген талаптар ғана тексерілуге және бақылау және қадағалау субъек­тісіне (объектісіне) бару арқы­лы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататындығы көзделген. Әр объектінің мақсатына, қолдану аясына сәйкес тексеру парағы бекітілген, тиісінше басшылыққа міндетті түрде әр объектінің өзіне сәйкес санитариялық қағида талаптары  қойылады.

Тексерулер барысында қолданыстағы 2020 жылғы 10 қазандағы ҚР ДСМ №131/2020 «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу туралы», 2020 жылғы ҚР ДСМ №195/2020 «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарға гигиеналық оқу жүргізу туралы», 2020 жылғы 16 қарашадағы №196/2020 «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу, жүргізу туралы» санитариялық қағида талаптарында көрсетілген персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өтуі, гигиеналық білімін жетілдіруі, аусымдық арнайы киіммен қамтамасыз етілуі міндетті түрде  тексеріледі.

Қазіргі таңда орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында қолда­ныстағы санитариялық қағида талаптарында қойылатын талаптар жеңілдетілген түрде ұсынылған, оған бір дәлел ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақ­тану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы­нан  байқауға  болады.

Бұл қағидаға сәйкес тамақтану объектілерінің барлық стационарлары санитариялық тораптармен (әжетханалармен) және келушілер мен персоналдар үшін қол жууға арналған раковиналармен жабдық­талады, персоналдың жеке бас гигиенасы сақталуына жағдай жасай отырып, персоналдар мен келуші­лерге арналған санитариялық торап­тарды (әжетхана) біріктіруге жол берілгендігі және персоналға арнал­ған тұрмыстық үй-жайлар (немесе киім ілетін орын) ілгектері бар жеке сақтау орнымен қамтамасыз етуге жол беріледі, санитариялық торап­тар (дәретхана), себезгі бөлмесі (себез­гі торының саны – бір мезгілде жұмыс істейтін 15 адам есебінен бір себезгі торы), бір мезгілде жұмыс істейтін әйелдер саны 15 адам және одан көп болған жағдайда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме, тамақ қабылдау үшін үй-жай (орын) көзделеді. Қағиданың №2 қосымшасында күнделікті сатып алып жұмыс істеген кезде және отыратын орындар 50 және одан кем болған кезде персонал бөлмесін біріктіруге жол  беріледі;

– отыратын орын саны кемінде жиырма және персонал саны кемінде үшеу болған кезде өту жолындағы үй-жайларда немесе ас үйде (ыстық цехта) киімге арналған шкаф орнатуға  жол  беріледі;

– отыратын орын саны кемінде 50 және одан кем болған кезде персоналға арналған  санитариялық тораппен  біріктіруге  жол  беріледі;

– бір деңгейде (қабатта) орналасқан объектілердің, объектілердің көпфункционалды ғимараттарының жұмыс істеп тұрған санитария­лық тораптарын пайдалануға жол беріледі – делінген.

ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыз­дағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойы­латын санитариялық-эпиде­мио­логиялық талаптар» санитариялық қағидасында объектіде персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жаса­лады делінген, ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасында персоналға арналған үй-жай (бөлінген орын) бөлінетіндігі көзделген.

Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуына бақылау тек тексеру кезінде жүргізіледі. Тексеру нәтижесімен анықталған заңбұзу­шылықтар бойынша өз құзы­реттілі­гін пайда­ланып Басқарма маман­дары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес заңбұзушылықтарға жол берген қыз­меткерлерге, болмаса жауапкершілікке заңды тұлғаны тарта отырып әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырып, заң­бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар  береді.

ҚР ДСМ №131/2020 «Міндетті медициналық қарап-тексеруді өт­кізу туралы» санитариялық қағидасының 13-тармағында медициналық ұйым медициналық қарап-тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады және бекітеді және зиянды өндірістік факторлардың ерекшелігін ескере отырып, зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемле­кеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген медициналық қарап-тексеруге жататын контингенттің тізімдерін алғаннан кейін дәрігерлік комиссияның жұмыс уақыты мен мерзімдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар (бұдан әрі – жоспар) жасайды. Жоспар ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі. 14-тармағында дәрігерлік комиссия­ның құрамына мынадай медицина қызметкерлері кіреді: кәсіптік пато­логия бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, ото­риноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгено­лог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер, дәрігер-зертханашы. Дәрігерлік комиссияның төрағасы болып кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патологтар жіберілген. Қағиданың 15-тармағы негізінде медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылап, осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 данада қорытынды акті жасалып, Басқармаға ұсынады. Қорытынды акті медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігіне және Басқармаға ұсынылып,  қаралады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығымен бекітілген «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидасының 2-тарау 5-тармағында міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қараулар және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша жеке медициналық кітапшаны есепке алу, жүргізу және беруге  жауап­ты тұлға (терапевт дәрігер) (бұдан әрі – маман) тағайындалады, 19-тармағында жеке медициналық кітапшада жұмысқа жіберу мерзімі, маманның Т.А.Ә. мен қолы және денсаулық сақтау субъектісінің мөрі (бар болса) көрсетіледі, яғни ем­деу-сауықтыру мекемесі жеке медициналық  кітапшаларды беру, есепке алу­ға және жүргізуге жауапты екендігі  көздел­ген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы  №ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидасында 1-тарау 2-тармағы 1)-тармақшасында халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту – инфек­циялық және паразиттік, кәсіптік аурулардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер (объектілерді күтіп-ұстау, пайдалану және орналастыру, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау) бо­йынша білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес оқыту делінген, 2-тарау­дың 5-тармағында Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту бойын­ша қызметті «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойын­ша медициналық білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асыратындығы көзделген. 12-тармағында гигиеналық оқытудан өткеннен кейін гигиеналық оқытуды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар бекітетін тестілік сұрақтар түрінде емтихан өткізілетіндігі және 13-тармағында тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар 80%-дан артқан жағдайда оң деп сана­латындығы көрсетілген. Емтихан нәтижелері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес гигиеналық оқытудан өткен халықтың декрет­телген тобының есепке алу журна­лына енгізіліп, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бо­йынша жеке медициналық кітапшаға гигиеналық оқыту нәтижелерін енгізу үшін мөртабан түрінде белгі қойылады, яғни гигие­налық оқуды өткізген жеке немесе заңды тұлға маманның  гигиеналық оқыту бойынша дәрежесіне тікелей жауапты.

Мақалада «жеке кәсіпкердің өтініш хатындағы жазылған заңбұзу­шылық фактілерді тексеріп … бақылау жүргізудің уақыты келгендігін есіне салып өткенді жөн көріп отыр­мын» деп көрсеткен, алайда, өздеріңізге белгілі мемлекеттік қыз­метшілер қатарындағы Басқарма мамандары заң талаптарын қатаң сақтау керек, ал Қазақстан Респуб­ликасының Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сәйкес өтініште жалпылама көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша егер нақты нысанға қатыс­ты фактілер болмаса, яғни, нысанның атауы мен нақты орын алған заңбұзушылықтың мәтіні көрсетілмесе, жоспардан тыс тексерулер ашуға мүмкіншілік болмайтынын ескерген жөн. 2021 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасына, ҚР Қаржы министрлігі Ішкі аудит Комите­тінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті РММ-не, Қызыл­орда облысының денсаулық сақтау басқармасына және ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бо­йынша департаментіне жолданған арызы бойынша жеке кәсіпкер С.Дарибаев­қа Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиология­лық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Әкім­шілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілген тыңдауда түсіндірме беріліп, өтінішіне  толық  жауап  берілген  болатын.

Сонымен қатар, мақаладағы «Қызылорда қалалық басқарма басшысы мен оның жауапты мамандары Қазақстан Республикасының Конституциясын оқып көрмеген» деген уәждер де негізсіз, себебі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданар алдында мамандар арнайы бірнеше заңдардан тұратын, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конс­титуциясының білуін айқындайтын тестілеуден  өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жома­рт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп көрсеткендей Басқарма басшылығы мен мамандары түскен барлық өтініштерді заң талаптарына сәйкес қарап, тиісті шешімдер  қабылдауға  әрдайым  әзір.

Е.ҰЗАҚБАЕВ,

Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: