АҚШ елшілігіндегі бір кездесуде резентура тапсырмасымен, ол қызбен мен әдейі ғашық және сырт көзге кездейсоқ болып танысқан едім. Джесики АҚШ елшілігінде қарапайым жұмыс істегенімен, мен үшін құпия ақпарат көзі болды. КГБ-нің сыртқы барлауының ақылы қызметіне тартпай-ақ, мен сұрамасам да, кездесулерде өзінің бар білетінін айтып салатын. Неге екенін қайдам, әйтеуір өз елшілігіндегі көптеген қызметкерлерді «суқаным сүймейді» деп маған жамандап отыратын. Әсіресе өзіне ұнамаған адамдар туралы: «олар орталық барлау басқармасынан (ЦРУ), ешкімге де, тыныш өмір сүргізбейді» деп айтатын. Маған да керегі осы болатын, Москваға жіберген бұл ақпараттарым шын мәнінде расталып, ол адамдар «кәсіби барлаушылар» екендігі анықталып отырды.
Ресторандағы кезекті кездесуден соң, Джесика:
– Алекс! Ресторан мен кафелерден жалықтым, ертең кешке үйге кел. Саған өзім жақсы көретін алма пирогын дайындап қоямын. Шақырған себебімді сонда айтамын, – деп, маған қарап жұмбақтай жымиды.
Мен әрине, басымды изедім. Себебі, белгілі, ертең Халықаралық әйелдер күні мерекесі – 8 наурыз ғой деп те ойландым. Бұл мереке Совет Одағындай демалыс ретінде аталып өтілмейді ғой деп те, екінші жағынан күдік те болды.
Джесикиге уәде бергенмен резиденттен рұқсат алу керек еді. Резидент бірден:
– Бұл жерде арандату болуы мүмкін. Орталықтың рұқсатынсыз ешқандай қадамға барма, – деп тапсырды.
8 наурыз күні, сол елде сатып алған костюм мен шалбарымды киіп, алқызыл роза букетімен «Джонни Уокер» бөтелкесін сатып алып, айтқан уақытта «ақпарат көзіме» жетіп бардым. Джесики столды екі адамға романтикалық стилде дайындап қойыпты. Стол ортасында майда балауыз шамы және алма пирогы, түрлі жеміске толы ваза мен француздың құрғақ ақ шарабы, картоп таяқшалары, тағы басқа құрғақ дәмге толып тұрды. Жартылай қараңғы балауыз шамының жарығымен отырғанда, Джесики өзінің бар өмірін айтып бере отырып, арасында көзіне жас та алды.
Осы кезде ішкен шарап қызуы ма, әлде Джесиканы аяп кеттім бе, орнымнан қалай тұрғанымды білмей қалып, совет барлаушысына ғана тән «моральдік кодексті» аттап, Джекисаны қалай сүйгенімді білмей қалдым. Ол да:
– Қазір саған айта алмай жүрген сырымды айтайын. Сен, менің сүйікті кино актерім Марлен Брандоға ұқсайсың, тек оның көзі көк, сенің көзің сұры. Мен осы сәтті сенен баяғыда күткенмін, – деп, ыстық лебі бетімді шарпып өтті. Джесики костюм мен галстугымды шешіп қойды да:
– Сен елшіліктегі қабылдауда отырған жоқсың ғой. Өзіңді үйіндегідей сезіне бер. Ал, мен душ қабылдаймын, – деп, коридорға шығып кетті.
Көз алдымда резиденттің сұқ саусағын маған безеп:
– Бұл жерде арандату болуы мүмкін. Орталықтың рұқсатынсыз ешқандай төсек қатынасына барма, – дегені есіме түсті. Осы кезде бір шешім қабылдау қажет болды. Джесиканың көңілінен шығу керек, не «моральдық кодекске» адал болып кетуім керек. Олай болса дәрменсіз әтек еркек ретінде, Джесиканың бетіне қарай алмай кеткеніммен тұрмай, барлау үшін қымбат «ақпарат көзінен» айырыламын. Не де болса тәуекелге бел будым, екінші жағынан шынымды айтайын, Джесиканың мүсіні де қоладан құйғандай сұлу еді.
Джесика душ қабылдап жатқанда «қырағылық» танытуға тура келді. Алдымен сыртқы есіктің ілмешегі дұрыс екендігін тексердім. Дауыс тыңдағыш «қоңыз» (жучок) жапсырады-ау деген диван, шкаф, стол астарын тексердім. Жасырын бейне камера орнатады деген күдікті жерлерді де бір қарап шықтым. ЦРУ тарапынан кез келген әрекетті күтуге болатын. Жататын бөлме қауіпсіз екенін білгесін «О кей» деп, жүрегім орнына түскесін, стол үстіндегі картоп таяқшаларын алып қыртылдатып жеп тұрып, айнаға қарадым. Алдымен, Джексика мені не үшін ұнатты деп, бетімнің жартысын алып тұрған мұрныма қарап тұрып, «еркектік ерлік» жасауға өзімді-өзім психологиялық тұрғыдан даярлай бастағанда, жататын бөлмеден Джесиканың:
– Алекс! Неге келмей жатырсың? – деген нәзік дауысы естілісімен бойымды билеген қорқыныш сезім бірден тарап кетті. Комсомол мен партияға өтер кезімде санама құйған «Моральдық кодексті» аттап өтіп, жататын бөлмеге кірдім…
Көктемнің алғашқы тамаша мерекесі, 8 наурыз күні келген сайын, осыдан 40 жыл бұрын қуатты ракеталарымен қатар, СССР-дің еркектері де қуатты болатынын дәлелдеген «еркектік ерлігім» есіме түскенде еріксіз күліп аламын. (Әрине әйелім жоқ кезде)ү
Совет барлаушысы, полковник Алексей Холодовтың естелігін қазақ тіліне аударған
Бақытжан Абдул-Түменбаев
Cуретте: супер агент 007 Джеймс Бонд (мақалаға сәйкес келгесін фильмнен кадр алынды).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!