Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цойдың миына да кіріп шықпайды…

29.07.2021, 10:30 451

Серік  МҰРАТХАНҰЛЫ,

клиникалық  инженер:

– «Вакцинадан кейін адамдар неге ковидпен ауырады, ауырса несіне вакцина аламыз?» – деп  жұрттың  бәрі  ренжиді.

– Иә, вакцинадан кейін ауыр­майды деп ешкім кепілдік бермейді. Әңгіме тіпті ауыру, ауырмауда емес, сол ауырған кездегі  аурудың салмағына қарау керек. Вакцина алсаң ковид жұқтырған кезде дайын антидене-әскерің тұрады да, ауырсаң да жеңіл өтеді. Қауіп-қатер азаяды. Өліп  кетуден  сақтанасың.

– « Covid-19»-ға қарсы вакцина алған адамдар арасында өліп кеткен адамдар бар!» – деп жатқандар  бар.

– Айналып кетейін, дүние­жүзінде ковидқа қарсы вакцина кесірінен нақты өлді деген адам жоқ. Бірақ вакцина алудың шарттарымен стандарт, қауіп­сіздік талаптарын сақтамай, қажетті ылғалдық, қажетті температура сақталмаған жағдайда, әртүрлі созылмалы, өткір аурулармен ауырып жүрген адамдар, вакцинаға қарсы көрсеткіші бар науқастар екпе алуы мүмкін. Ондай жағдайда адам өлімі  болуы  мүмкін.

– Вакцина алған кезде «орыс­тыкі жақсы ма, қытайдыкі жақсы ма, АҚШ-тыкі жақсы ма?» – деп  сұрайды.

– Жер шарында екі түрлі вакцина ойлап табылды.  Екі түрлі  технологиямен. Біреуі – өлтірілген вакцина, екіншісі – синтезделген вирус­тан жасал­ған вакцина. Мұның ішінде антидене түзуге вирус­тың өзін тікелей шикізат еткен өлтірілген вирустан жасал­ған вакцинаның өнімі жоғары, антидене түзу көрсеткіші жоғары болуы мүмкін. Алайда өлтірілген вирустар (миллиардтаған) 100% өлуі екіталай. Сондықтан вакцинадан кейінгі ауырту ық­палы, ауыру, жайсыздануы күшті болады. Синтезделген вакцина ол вирустың өзін емес, қарапайым тілімен жеткізгенде сыртқы қабығын пайдаланғандықтан вакцинадан кейінгі ауыр­ту ықпалы аз болуы мүмкін. Алайда антидене түзуі шы­найы вирус қалыптастыратын көрсеткіштен төмен болуы мүмкін. Өйткені синтезделген­нің аты синтездел­ген ғой.  Ресей­лік вакцина – синтезделген вак­цина. Алайда бұл антидене түзу көрсеткіші тек вакцина түріне қарап қалған жоқ. Ол әр адамның жеке иммунитет жүйесіне байланысты. Бұл түрге Ресей, АҚШ вакцинасы жатады дейді.

– Вакцинадан кейін антидене қанша уақытқа шыдайды? Мерзімі  ұзақ  па?

– Ковидпен қатты ауырып жазылған, антидене түзген адамдар, вакцинадан кейін антидене түзген адамдардың анти­дене түзу көрсеткіші әр­түрлі болуы мүмкін. Және қанша уақытқа дейін вирусқа қарсы антидененің шыдайтынын уақыт көрсетеді. Алайда адамдардың есте сақтау қабі­леті әртүрлі болғаны сияқты антиденені сақтау уақыты да әр адамда әртүрлі болады. Біреулер бірнеше ай, бірнеше жыл болуы мүмкін. Тіпті кейбір антидене өмір бойы сақталып қалуы мүмкін. Алайда ковидқа қарсы антиденені әлі де толық зерттеу  қажет.

– «Вакцинаның құрамында ауыр металдар, зиянды қосы­лыс­тар бар, адам өміріне қауіпті, оны неге жазбайсың?» – деп біраз білгіштер  дүрсе  қоя  берді.

– Иә, вакцина сақтау және енгізу үшін химиялық сұйық­тық пайдаланады. Оның әр технологияға байланысты құрамы да әртүрлі. Алайда адамға сұмдық зиян келтіретін дозадағы ауыр металдар қосылыстары болуы  мүмкін  емес.

Бар болсын дейік, 1-2 мл вакцина құрамында қанша грамм, тіпті милиграмм ауыр металдар қосылыстары болуы мүмкін. Айналып кетейін-ау, микродәрежедегі доза ғой оның ішінде не болса да. Ауыр металмен ластанған су, сапасыз ыдыс­тар, азық-түліктерді үнемі, қазақша айтқанда, пос­тоянно тұтынып жүрген жоқсыңдар  ма?

– Вакцинаны неге екі рет егеді? Екі ретті вакцина уақытын  неге  өзгертеді?

– Екі рет егеді. Бірінші жолы азырақ доза, екінші жолы көбірек доза болуы керек. Адам бірден әлсіреп қалмас үшін және антидене түзуге кепілдік болуы үшін. Уақытты да соған қарай ұзартты. Ұзарту маңызды емес, тек минимал аралықтан кейін мүмкін болмай қалған жағдайда, ауырып жүрген кезде әрі қарай мүмкіндік болуы үшін ойлап тапқан дүние. Бірінші вакцина алған соң 20 күн өтті, сіз барып екінші доза алайын дедіңіз. Алайда тұмауратып, не тауға шығып кеттіңіз. Ондай болса 27 (45 күнге дейін) күннен соң аласыз. Қатып қалған қағида жоқ. Оны дұрыс түсіну керек.

– Вакцина таңдау еркін беріп, не­­ге АҚШ, Англия вакциналарын әкеліп салғызбайды, неге тіркемейді?

– АҚШ, Англия вакциналарын әкелсе болушы еді. Рухани жақтан сенетін едік.  Бірақ олардың транспорт, сақтау шарт­тары өте жоғары. -70 градустан жоғары болмау керек. Соңғы кезде сақтау шартын жұмсартып -25, -35  градус  деген­мен, ол – тек екі апта ішінде ғана сақ­тауға берілген рұқсат. Екі аптадан артық сақтау үшін бұл шарт жарамайды. Ондай шарт-жағдай Қазақстанда қазір жоқ. Мүмкін бай-манаптар үшін Астана, Алматыда біраз медициналық техника алып, әкеле­тін шығар келешекте. Алайда жаппай  халық­қа қолжетімді  болуы мүмкін емес. Облыс, қала, аудандық ауруханалар кеңестік темір-терсектерден толық арылған жоқ. Медицина­лық технологияларды, техни­каны  реттейтін жүйе жоқ! Ол жүйе – клиникалық  инженерия!

Қазақстанда клиникалық инженерия дамымағанды қо­йып, ұғым жоқ. Клининкалық инженерия саласын дамытудың уақыты әлдеқашан жетті. Тіпті өтіп кетті. Биологиялық қауіп­сіздік жүйесін жасау үшін клини­калық инженерия даму керек. Алайда клиникалық инжене­рия, клиникалық инженер деген ұғымды Біртанов та түсінбей кетті. Цойдың миына да кіріп шықпайды. Әзірше әңгіме осы.

Серік  Мұратханұлының  әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: