HALYQLINE.KZ ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері жауапкершілікке тартылды.
Бақылау функциясы аясында ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттерімен 202 бақылау шаралары, оның ішінде 54 — бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 148 жоспардан тыс тексерулер — 148).
Тексерулер қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды, оларды жасау себептері мен жағдайларын жою бойынша 125 ұйғарым енгізілді, оның орындалғаны — 97, орындалу үстінде — 25.
Тексеріс нәтижелері бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер — 76, орталық мемлекеттік органдар — 54).
Олардың 25% астамы қызмет берушілердің басшылығына тиесілі екендігін атап өту қажет.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!