Қыздықты алуға лайықты жас 18-20 деп саналады. Бұл кезде қыз баласынан қыздықтың алынуында қан аз мөлшерде ағады. Ал жасы ұлғайған сайын қыздық қалыңдай түседі және созылғыштығы төмендейді. Кейбір маман-дәрігерлер қыздың 23-24 жасында қыздығының созылғыштығы 30%-ке, ал 30 жастағы қыздың қыздығының созылғыштығы 80%-ке төмендейді дейді.
«Он екіде бір гүлі ашылмаған», яғни қыздығы алынбаған деген ұғымның өзі әйел үшін қашып құтыла алмайтын жағдайға душар етуі де мүмкін.
Алғашқы жыныстық қатынас кезінде қыздың барлық сезімтал аймақтарын аймалап, тіпті бірнеше сағат бойына мұны жалғастыра түскен жөн. Сонан кейін қыздықты алған дұрыс.
Ия, қыздықты алу кезіндегі қыздықтың жыртылуына орай ауырсыну сезімі қызға төсек тоятын сезінуге мүмкіндік бере де қоймас, бірақ ұзақ аймалаулар қызды келешекте өз ер-азаматының аймалауларын жақсы қабылдауға үйретіп, бірте-бірте ынтызарлығы артып тұратындай етеді.
«Алғашқы жыныстық қатынастан кейін қыздың қыздығы алынбауы мүмкін бе?» деген сұраққа Кинесса былай деп жауап береді. «Ия, мұндай жағдайлар аз емес. Өмірде жиі кездесіп жатады. Мұның екі себебі бар: бірі – қыздық перде өте созылғыш немесе қыздық перде еркек бір дегеннен ала алмайтын өте қатты. Тұрақты жыныстық қатынасқа қарамастан, созылғыш қыздық перде тіпті босанар кезге дейін сақталуы да мүмкін. Ал қатты қыздық пердеге еркектің ұлы мүшесі тіреліп, бір түн тұрса да, бұза алмауы мүмкін».
Өте күшті түсінтірген 👍