Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

МАСАНШЫ ОҚИҒАСЫ: ұлтаралық қақтығыс па, тұрмыстық жанжал ма?

13.02.2020, 10:50 2072

Ырысы мен ынтымағын бір шаңырақ  астында ұйыстырып, берекесі мен бірлігін біріктіріп отырған қазақ жерінде­ 130-дан астам ұлт пен ұлыс бар. Көпұлтты мемлекет ретінде мақсатымыз айқындалғанымен, мүдде­міздің ортақ жолда түйіспей қалатын кездері көп. Оны қоғам болған соң жасыр­удың да қажеті жоқ, ашып айтуды­ң  да мүмкіндігі шамалы. Атадан балаға аманатпен тапсырылған қара шаңырақтың астында көк туды жамылып отырып, ұрымтал сәтті қолайлы мақсатына пайдаланып кетіп жат­қандар да жетерлік. Оған Жамбыл облысы­ндағы тұрғындар арасындағы тұрақсыз­дық  оқиғасын  айтуға  болады. Бұған дейін де осы тектес оқиғалар болған, бұл жолғысының ауқымы алысты­  орағытып  тұр.

Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылының тұр­ғындары  арасында  туындаған  кикіл­жіңнің сипаты қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, жеке азаматтардың ар-ожда­нына қол сұғылып, өміріне қауіп төн­ді­ріп, тұрмыстық зардап шегу оқиға­сына ұласты. Әлеуметтік желі арқыл­ы  жылдам таралған хабарды естіге­н өзге ауыл, аудан тұрғындары да оқиғаның ортасына «лап» қойған. Тұрмыстық кикілжіңнің салдарынан ауданда төтенше­  жағдай  режимі  жарияланды.­

ОҚИҒАНЫҢ   ӨРШУ   СЕБЕБІ…

…әу баста қарияны ауруханаға апара жатқан ағайындылар мен белгісіз азаматтар арасында жанжал туын­даған. Бұл мәселеге полиция араласып, ауылдағы тәр­тіпті қатаңдату мақсатында рейд жасаған. Нәтижесінде көшеде күдік тудырған көліктерді тексере бастайды. Тоқтатылған көліктердің бірінде жүргізушінің құжат­тары жоқ болып шығады. Үйде қалдырып кеткенін сылтауратқан. Полицей үйіне бірге еріп баруды ұсынады. Мұны естіген күдікті құқық қорғау органы қызметкерле­рін балағаттап, көлігімен қашады. Соңынан қуып, дені дүнгендер қоныстанған ауылдағы аулаға дейін кіреді. Сол мезетте үйден қашқынның туыстары, жолдастары шығып, полицейлерге жабылған. Оларды топтасып ұрып, тепкілеп жатқанын өздері видеоға түсіріп, мақтанып, әлеуметтік желілерге салады. Осы видеоны көрген соң өзге тұрғындар бас көтерген деген болжам бар.

– Арандатушылар мен куәгерлер жанжалды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жүктеген. Азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге шақырған. Осыдан кейін жанжал орнына әртүрлі көршілес елді мекендерден 300-ге жуық адам келген. Бұзақылар бір-біріне тас лақтырған, металл заттар, қару қолданған, – дейді ҚР Ішкі істер  министрі  Ерлан Тұрғымбаев.

Десек те, тұрмыстық жанжалдан басталып, әлеумет­тік сипатқа ие болған қақтығыс туралы нақты дереккөз жоқ секілді. Өйткені бұл бір күнде емес, бірнеше жыл, тіпті, бір жарым ғасырдан бері жинақталып қалған проблем­алардың «жарылу» процесі деген баға берілуде. Кешқұрым жеткен хабар ауыл-аймақ, алыс атыраптың бәріне тарап үлгерді. Оқиға орнына тиісті орган басшылар­ы мен мамандар барды, арнайы комиссия құрылды. Ақордада отырған мемлекет басшысы да үнсіз қалмады.

– Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, оқиға кезінде адам шығыны­ болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. …Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады. Мемле­кетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар Заң алдында жауап береді, – деп үндеді.

1  МИЛЛИАРД   7  МИЛЛИОН  ТЕҢГЕ 

ШЫҒЫН   ЕСЕПТЕЛДІ

Ресми дерекке сүйенсек, жаппай төбелес салдарынан 140-тан астам адам дене жарақатын алып, 10 адам қаза тапқан. Олардың жас шамасы 17-77 аралығы. Аса ауыр жағдайдағы зардап шегушілер Алматы қаласына жет­кізілген. Сондай-ақ, 36 тұрғын үй, 11 коммерциялық нысан,­ 44 автокөлік өртенген. Жалпы 1 миллиард 7 миллион  теңге  шамасында  шығын  келтірілген.

Жаппай төбелеске ұласқан жанжалдан бой тасалау үшін ауыл тұрғындарының дені Қырғызстан шекарасынан өтуге мәжбүр болды. Көшедегі жас сәбиін құшақ­таған ана, ата-анасын жетектеген бала, панасыз қалған, асыраушысынан айырылған отбасы…

Ахуалдың анық-қанығын анықтау үшін ҚР Премьер-министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалық етуімен Үкіметтік комиссия құрылды. Іле-шала ел президенті Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметі­нен босатуды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлі­мінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды. Дәл осы күні кешкілік Жамбыл облысының әкімі қызметіне Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Бұған дейін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына басшылық етіп, Үкімет сапын­да тәжірибе жинақтаған Машбекұлына мемлекет басшысы үлкен сенім артып отырғаны көрініп-ақ тұр.

Бүгінде шекара шебінен өткендер Үкімет комиссиясының «келтірілген шығындар өтеледі, жағдайды тұрақтан­дырамыз» деген сөзінен соң туған топырағына қайта  оралды.

ЕЛБАСЫ   НЕГЕ   АЛАҢДАУЛЫ?

Мәселенің мәнісіне бойлай отырып, тамырын басу үшін аталмыш ауданда ауыл халқының негізін құрап отырған дүнген мен қазақ отбасыларының бірлігін сақтап­, тыныштық орнату үшін ақсақалдар кеңесі құрылды. Сондай-ақ, бүрсігүні еліміздің Тұңғыш презид­ентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы  өтті.

– Қазіргі жағдай мені қатты алаңдатып отыр. 30 жылдың ішінде халқымызбен бірге талай қиындықтарды бастан­ өткердік. Қазіргі жастар сол ауыртпалықтарды елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын жабылып, 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды. Үйлерде жылу жоқ, азық-түлік тапшылығы туындады. Біз осы сынақтардың бәрінен бірге өттік. Егер біз көпұлтты халқымызды біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете алмасақ, бүгінде елімізге шетелдік инвестиция келмей, экономика тұралап қалушы еді. Әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де тиісті міндеттер жүктелген, бірақ бейбітшілік пен келісімді сақтау, ең алдымен, біздің халқымыздың міндеті. Бұл мәселе аға буын өкілдерін толғандыруы тиіс. Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге жеткі­зу. Аға буынның міндеті – адамдарға тәуелсіз, дамыға­н және тұрақты мемлекетті сақтап қалу біздің ортақ мақсатымыз екенін түсіндіру, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің  Төрағасы  Н.Назарбаев.

Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алғалы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің қатысуымен тұрмыстық сипатта өрбіген деген болжаммен ауқымды 8 кикілжің тіркелген.­ Ал сырт көзге ұлтаралық шиеленістің шырмауы ретінде көрінетіні рас. Бұлай толық шешім қабылдауға да ерте, өйткені Қордайдағы қақтығыстың себеп-салдары ресми­ органдардың іс жүргізуі барысында айқындалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: