Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі имамдармен кездесті

17.09.2020, 9:20 613

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы мешітте қала, кент және ауылдық округтердегі имамдармен кездесті. Кездесуде аудан көлемінде атқарылып жатқан рухани іс-шаралар барысымен танысып, діни тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды.

Аудан басшысы имамдарға қоғамдағы тыныштықты сақтаудан бөлек, өңірдің руханиятын арттыруды да қолға алу керектігін айтты. Ауданымызда насихат жұмыстары жүйелі түрде жүріп, тұрақтылық басты назарда болуы тиіс. Жат ағымдармен күрес жұмыстары толастамау керек. Осы негізгі міндеттер пысықталды.

Өз кезегінде «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов ауданның діни ахуал туралы баяндап, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол ауылдық жердегі мешіттерді қысқы маусымға қатты отынмен қамтамасыз ету үшін көмек көрсетуін сұрады.

Ал, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Қазалы аудандық бөлімшесінің бастығы Әлімжан Құланбаев аудандағы деструктивті діни ағымдармен профилактикалық жұмыстарды одан әрі жандандырып, күшейту қажет екендігін тілге тиек етті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аталған мәселелерді оң шешімін табу үшін тиісті шаралар қолға алынатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: