Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БЕРІК ОТБАСЫ – ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ!

15.10.2026, 15:23 45

Ұрпақ қауіпсіздігі – отбасының жауапкершілігі, қоғамның ортақ міндеті. Ал отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі, қауіпсіз болашағының кепілі. Есірткісіз қоғам қалыптастыру әр шаңырақтан басталады. Ата-ананың өнегесі мен мейірімі баланың болашағына бағыт береді.

Есірткі – денсаулыққа, отбасы бақытына және ел болашағына төнген қатер. Есірткі бизнесі мен заңсыз айналымға тартылу жастардың тағдырына қауіп төндіреді. Сондықтан ата-ана баласының ортасына, қызығушылығына және интернеттегі әрекеттеріне бейжай қарамауы керек.

Балаға тыйым салу жеткіліксіз. Оны тыңдау, түсіну, қолдау және сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Баламен ашық сөйлесу, ортасына көңіл бөлу, спорт пен өнерге баулу – зиянды әдеттерден сақтанудың маңызды жолы. Жеңіл табысқа қызықтырған күмәнді ұсыныстардан бас тартуды үйрету де ата-ананың міндеті. Құрметті ата-аналар, бала тәрбиесін кейінге қалдырмайық! Мейіріммен тәрбиелеп, сеніммен қолдап, есірткісіз болашақ қалыптастырайық!

Берік отбасы – қауіпсіз болашақтың тірегі. Есірткісіз ұрпақ – ел ертеңінің кепілі!

Укибаевтар отбасы

№99 орта мектеп

Ақай ауылы,

Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: