Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан өңірінде Конго-Қырым безгегін жұқтырғандар жиілеген

19.08.2026, 10:00 49

Түркістан облысында жыл басынан бері Конго-Қырым безгегі диагнозы қойылған 8 адам ауруханаға түскен. Олардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Мұндай деректі жергілікті Отырар басылымы жазды.

«Ауру кенеден малға тарайды, одан барып малға күтім жасаған не мал сойған кезде адамға жұғады. Осы алты ай көлемінде тіркелген 8 жағдайдың 6-ауы малға күтім жасаған және малмен қарым-қатынаста болғанда жұққан. Тағы бір жағдайда ауласындағы шөпті орған кезде кене шағып, содан ауру жұқтырған» деген облыстық санитария-эпидемологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Нұрбек Нышанов.

Жыл басынан бері Түркістан өңірінде мамандар 35 мыңнан астам сынама алып, 55 жағдайда кенеден Конго-Қырым безгегі ауруының қоздырғышын анықтаған.

Түркістан облысы – Конго-Қырым безгегі бойынша эндемиялық аймаққа жатады. Ресми дерек бойынша, 2002 жылдан бері өңірде қауіпті дертті жұқтырудың 39 оқиғасы тіркелген. Жылда әсіресе көктем-жаз айларында кенеден зардап шеккенін айтып дәрігер көмегіне жүгінетіндер жиілейді.

Дереккөз: Азаттық

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: