Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі лагерь жұмысымен танысты

04.05.2026, 16:50 65

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты.

Лагерьдің ас мәзірі, жатын орындар, ойын алаңдарының жай-күйі тексеріліп, қызмет сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

«Ақтерек» лагерінде биыл 452 баланың демалысы жоспарланған. Оның ішінде 402 бала – міндетті оқу қоры, 50 бала – кәсіподақ есебінен қамтылады. Ауысым ұзақтығы – 10 күн.

Жаңа маусымға дайындық аясында лагерьге 5,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сәйкес қосымша 4 млн теңгеге сыртқы бассейнді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Лагерь жұмысына мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері тартылып, үйірмелер мен мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

«Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысқан аудан әкімі жауапты сала басшыларына жазғы демалыс науқанын уақытылы әрі сапалы ұйымдастыруды, балалардың қауіпсіздігі мен демалыс тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: