Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оспанұлы уәдесін орындады

29.06.2020, 11:50 1015

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Орда» сауда үйінде Kaspi bank терминалы орнатылды. Бұл туралы Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, қармақшылық тұрғындар Kaspi bank терминалының қажеттілігі жөнінде аудан басшысының есепті кездесуінде айтқан. Сол жиында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков бұл мәселені жуық арада шешіп беруге уәде еткен.

«Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбеков кент орталығындағы орналасқан терминалды арнайы барып көрді. Сонықтан да біраз уақыттан бері банктің басшылығымен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде аудан орталығына терминал қойылды. Көптеген қызмет түрлерін көрсететін «Kaspi bank»-тің терминалын орналастырудың тиімділігі, тұрғындарға үйден шықпай-ақ банк қызметінің бірнеше түрлерін алуға, тұтынушылық несие төлемдері мен коммуналдық төлемдер жасауға көмектеседі» деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: