Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мектептерінде жаңа маман иесі жұмыс істей бастады

01.04.2025, 16:20 61

Еліміздің мектептерінде жаңа маман иесі – педагог профориентаторлар жұмыс істей бастады.

Бұл жаңашылдық оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға ертерек көмектесу үшін енгізіліп отыр. Сонымен қатар, мектеп пен колледж, ата-ана мен жұмыс беруші арасындағы байланысты күшейтуді көздейді.

Профориентатордың басты міндеті – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда бағыт-бағдар беру, олардың қабілеті мен қызығушылығына сай кеңес ұсыну. Яғни, әр оқушының болашағына саналы таңдау жасауына жол ашылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: