Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесі қандай?

03.02.2025, 17:50 46

Талапкерлердің 72 пайызы шекті балл жинаған. Осы және басқа да сандық деректер ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығынан мәлім болды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырған. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл 67 балды құраса, ең жоғары балл – 138, оны Шымкент оқушысы жинаған. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады. 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырса, 17,2%-ы «Математика-Физика» және 10,4%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта 142 адамның нәтижесі жойылған. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылған.

Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Еске салайық, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: