Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің сынып жетекшілігіне қатысты ойын айтты

07.02.2025, 6:20 83

Педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарайтын уақыт жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев айтты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында барлық білім беру ұйымдарына “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы енгізілген болатын. Бағдарлама аясында жастар арасында құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған 6 негізгі жоба мен бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жаңа жобасына бағдарламада белгіленген құндылықтар енгізілді. Тәрбиелік жұмыстың тиімділігі сынып жетекшілеріне тікелей байланысты. Бұл жұмысты біліктілігі жоғары және тәжірибесі бар педагогтер жүргізгені өте маңызды. Педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарайтын уақыт жетті, – деді министр.

Ғани Бейсембаев атап өткендей, еліміздің барлық мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді.

Орталықтардың жұмысының арқасында мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл 42%-дан 82%-ға дейін өсті. Дегенмен, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Тәрбие жұмысы педагогтер мен ата-аналар қауымдастығы бірлескен жағдайда ғана оң нәтижесі береді деп санаймын, – деп түсіндірді еліміздің бас ұстазы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: