– Журналистика мен ақындықты жоғары деңгейде қатар алып жүрудің қиындығы қандай?
– Бұл – аса қиын жағдай. Ақындық менің ойымда күн сайын тұрады. Мен оны бір сәтке ұмытқан жоқпын. Журналистика – комбайн сияқты. Шаруа адамдар егін-теріннің кезінде үйдің бетін көрмей кетеді ғой. Ал, журналистика күнде – қарбаласқан науқан. Мұның шығармашылығыңа тигізер әсері көп. Мен еш уақытта шығармашылығыма селкеу қарап, халтуралық дүние жазған адам емеспін.
Мендегі үлкен трагедия – шынайы дүние жазуға уақыт таппайтыным. Егер менің өткен өмірімді парақтайтын болсақ, соның басым бөлігі журналистикамен өткен секілді. Сондықтан, мұның ақындыққа тигізген кері әсері бар. Бірақ, шынайы әсер еткен кезі де кездеседі.
Ақын Шаһизада Әбдікәрімовтың сұхбатынан үзінді.
Сұхбаттасқан Рыскелді Жахман,
«Халық» газеті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!