HALYQLINE.KZ Осы күні Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып жүрген «сүйегі журналист» Ержан Байтілестің 2018 жылы республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетіне берген сұхбатынан үзінді жариялағанды жөн көріп отырмыз. Себебі, мұнда айтылған ой әлі де өзектілігін жойған емес.
Журналист: «Жұлдыз» демекші, бүгінгі буын телеарна арқылы тез танылғысы келетін «дертке» ұшырады. Басылымда жұмыс істегісі келмейді.
Ержан Байтілес: Бұл тенденция орнағалы да біраз болды. Жастар бұған тым қатты әуестеніп кетті. Бұл – журналистиканы дикторлықпен шатастырып алғандардың тірлігі. Тілшілердің барлығына диктор болу маңдайына жазылмаған. «Эфир» дегеніңіз – адамды тез танымал қылатын бірден-бір құрал. Эфирге шығып, елдің алдында ақыл айтып, данышпансып көрінуге тырысатын әріптестеріміз аз емес. Бар. Көріп отырмыз. Байдан шыққан әйелдердің де қалай атақты болып жатқандығын. Қазір құндылық деген дүниелердің құлдырап бара жатқан кезі. Жаңалықтың өзі белден төмен түсіп кетті. Оның барлығын сенсацияға балап, жұрттың назарын аударуға ден қойдық. Пәленшенің ажырасқаны, біреулердің төсектес болғандығы, біреу біреудің басын жарғандығы – қазір жаңалық. Бәрінің айтатыны «оқырманның сұранысы сол» дейді. Ертең етектің айналасында қалып қойсақ, түзеле алмаймыз. Ең қауіптенетін дүние – осы. Ал бізге «Ана тілі» газетінде бас редактор болған М.Тәжімұрат «журналистика оқырман деңгейіне түспеуі қажет» дейтін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!