– Бір сұхбатыңызда “Атақтан ешқандай пайда жоқ” депсіз. Негізі, “адам алдымен атақ үшін жұмыс істейді, одан кейін сол атағың өзіңе өмір бойы қызмет етеді” деген бар. Келіспейсіз бе?
– Біздің дәл қазіргі жағдайымызға қарасақ, пайда жоқ деп айтуға әбден болады. Мысалы, ертеректе атақты адамдарға мемлекет тарапынан көп көмек берілетін. Басшылықтың оларға деген қамқорлығы өз алдына, сөзімен санасатын, төбесіне көтеретін. Менің ойымша, қазір атақ алған азаматтарға өз деңгейінде сый-құрмет жасалып жатқан жоқ. Яғни, айлығына белгілі бір пайызбен ақша да қосылмайды, тегін демалыс орнына да жіберілмейді. “ҚР еңбегі сіңген қайраткері” атағын алған кісілердің жылына бір санаторияға баратынын естігенім бар. Басқа жоқ. Ал, қазіргі кезде алған атағың сахнаға шақырған кезде ғана керек секілді. Шынында, бүгінгі күні атақтан гөрі, пиармен жұмыс істеу, сол арқылы танымалдықты арттыру әлдеқайда табысты болып келеді. Сондықтан, бұрынғы мен бүгінгіні салыстыра алмаймыз. Қазір атағы бардың емес, танымал адамның заманы болып тұр.
Әнші Өмірқұл Айниязовтың сұхбатынан үзінді.
Сұхбаттасқан Рыскелді Жахман
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!