HALYQLINE.KZ Журналист Майкл Бенсон комаға түскен Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дәрігерлер не жасырып отыр? Инсайдер Ербосынұлы ауруханаға қандай жағдайда түскенін айтты
6 қараша Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен екен. Осыдан кейін ауруханада миына қан кеткен боксшыны жасанды комаға түсірді.
«Айдос Ербосынұлы сенбі кешкісін Давид Моррелден соңғы раундта нокаутқа түскеннен кейін әлі де ауруханада және сол күйі медикаментозды кома жағдайында жатыр», – деп жазыпты Бенсон Twitter желісінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!