«Жетісу» футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор Telegram парақшасында жариялады.
«Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.
Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі» делінген хабарламада.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!