HALYQLINE.KZ Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан 17, 19, 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 6 қола медальдарды жеңіп алды.
Классика, рапид, блиц түрлерінен сынға түскен облыс құрамасы 13 медаль олжалады.
Рапид түрінен Нұрай Ғаниқызы мен Бекзат Әмір алтыннан алқа тақса, Дамир Ахметов – күміс, Ақерке Кенжебекова – қола жүлделерді иеленді.
Блиц түрінен Бекзат Әмір мен Асылбек Қаржаубаевтың мерейі үстем болса, Әсем Дәуренбекқызы екінші, Нұрай Ғаниқызы, Жантөре Аманқос, Ырыскелді Кенжебек үшінші орындардан көрінді.
Классика түрінен Нұрсұлу Маханова күміс жүлдегер атанса, Нұрай Ғаниқызы мен Бекзат Әмірге қола жүлделер бұйырды.
Айта кетейік, байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша он үш команда арасынан медаль саны жағынан Қызылорда облысының тоғызқұмалақшылары көш бастады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!