Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жерлесіміз Бейбарыс Ерсейіт — Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

28.10.2025, 12:15 111

Сыр спортында тағы бір қуанышты жаңалық!

Бахрейн елінің Манама қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жерлесіміз, талантты зілтемірші Бейбарыс Ерсейіт 65 кг салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетіп, екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Спортшымыз Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, 123 келіні еңсеріп, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде 152 келіні бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша жерлесіміз Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды.

Жаттықтырушысы: Жеңіс Алдабергенов

Спортшымызды жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: