Загреб (Хорватия) астанасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еркін және әйелдер күресі аяқталып, 21 қыркүйекте грек-рим балуандары жарысты қорытындылайды.
Жапония әйелдер күресінен он салмақтың бесеуінен алтын мен бір қола медаль ұтып командалық есепте бірінші болды.
Харуна Мураяма – 53 келі;
Сакура Ониси – 59 келі;
Сакура Мотоки – 62 келі;
Мива Морикава – 65 келі;
Ами Иси – 68 келі.
Совака Утида – 55 келі (қола).
Былтыр Албания астанасы Тиранада өткен жаһан чемпионатында Жапония әйелдер құрамасы – 3 алтын мен 1 қола медаль алды.
Айбек МҰХАНОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!