Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр

13.03.2026, 10:55 29

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Жөлек ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Аталған нысанның құрылысын «Интегрострой» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 597 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүргізіліп, нысанның негізгі құрылыс кезеңдері жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Спорт кешені пайдалануға берілгеннен кейін ауыл жастары мен тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасалып, бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндік туады.

Жалпы, дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында Шиелі ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауданда 2 спорт мектебі, 2 стадион, 6 спорт кешені, 70 спортзал жұмыс істейді. Білім беру мекемелерін қоса есептегенде 98 жазықтық спорт құрылғылары бар.

Кент және ауылдық округтер бойынша жасанды жамылғысы бар 36 спорт алаңы тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуде. Аудан бойынша спорттың 28 түрімен 38 111 адам жүйелі түрде шұғылданады. Бұл жалпы халықтың 44,5 пайызын құрайды.

Аудан спортшылары әлем және Азия чемпионаттарында, республикалық және облыстық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, 54 алтын, 73 күміс, 96 қола медаль иеленді.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: