Рыбакина туралы ақпаратты естіп, шок болып отырмыз. Ауырып қалыпты деген себеп айтылды. Оның өзін ватсаптағы аудио жазба арқылы алдық. Осы жағдайға тікелей жауапты Ұлттық олимпиадалық комитет және Қазақстан теннис федерациясы неге толыққанды мәлімет бермейді? Жалпы неге алды алынбаған? Неге жауапкершілік түсіндірілмеген? Олимпиада кезінде өз денсаулығына және елдің үмітіне осынша салғырт қарауға бола ма?
Рыбакинаның өзі де бір ауыз үн қатпады. Нақты денсаулығының жағдайын білмеймін. Десе де, дзюдодағы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында иығының сіңірі жыртылып тұрса да, соңына дейін күрескен еді. Бокстағы Серік Сәпиев сынған қолымен әлем чемпионатында соңына дейін жұдырықтасып шықты дегенді естідік. Күрестегі Жәмиля Бақбергенованың өзі осылай бір күн бұрын салқын тигізіп, тамағы әбден ісіп, соған қарамастан бозкілемге шықты және әлем чемпионатында жүлде алды. Айта берсе көп.
Елена және оның командасы осыған не дейді екен? Еленаны өліп тұрып қорғап, керісінше, мені жерден алып, жерге салатын жанкүйерлері не айтады екен? Жарайды. Сауығып кетсін. Өзіміздің қыздар мен жігіттер-ақ сол есені қайтарып, алтынды топырлатып алады. Атам қазақ бекер айтпаған ғой. Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды деп. Осыны қашан түйсігімізге түйіп, тиісті қорытынды шығарамыз?
Аслан КАЖЕНОВ,
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!