Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жәнібек Әлімханұлы: «Тым жұмсақ сөйлеу менің стилім емес»

14.10.2021, 16:15 471

HALYQLINE.KZ Бізде де қазаққа тән ұяңдық, ұялшақтық бар. Оны көрсететін жер болады. Ал Америкада кәсіпқой бокста жүрген соң, барынша осы жақтың толқынында болуың керек. Бұл саланың өз жазылмаған заңы мен өз ережесі бар. Шапқан соң шаңғытып шапқанға, ұшқан соң биікке самғағанға не жетсін?!

Мен жай ғана әлем чемпионы болғым келмейді. Мен атақты әлем чемпионы болғым келеді. Сен сөйлемесең, айтпасаң, сен туралы жанкүйерлер қайдан біледі? Үндемей жүріп те тірлік жасауға болады. Бірақ маған ол жол қызық емес.

Біз ірі сөйлейміз, ірі тірлік жасаймыз. Мен кәсіпқой боксшымын. Жекпе-жекке шығатын жауынгермін. Мен адамды ұрамын, мен құлатамын. Осындай салада жүріп тым жұмсақ сөйлеу менің стилім емес. Қырамын десем де жоямын десем де ол – менің жауынгерлік сөзім. Ешкімнің жеке басына қатысты ауыр сөз айтқан емеспін. Айтпаймын да. Әрине, қарапайымдылық, кішіпейілдік, ол бірінші орында. Достарым, ағайын-туысым , көршілерім менің қандай екенімді өте жақсы біледі.

 Сұхбаттан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: