Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова ел чемпионатында белдеседі

08.01.2024, 14:05 310

Жеңіске жеткен балуан лицензиялық турнирге қатысады.
 
1-5 ақпан күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана және он жеті облыстың палуандары бақ сынайды.
 
Ел біріншілігінде бірінші және екінші орын алған палуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей байрақты додада ел намысын қорғайды. Олар олимпиданың іріктеу лицензиясына және Азия чемпионатына барады.
 
Былтыр күрестен Қазақстан құрама командасы екі лицензия алды. Азамат Дәулетбеков (еркін к.) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим к.) Париж олимпиадасының жолдамасы бар. Әзірге қоржынымызда екі жолдама ғана. Бұл аз, әрине.
 
Енді отандастарымыз грек-рим күресінен – 5, еркін күрестен – 5 және әйелдер күресінен – 6 жолдама алуы керек. Сонда Париж олимпиадасына күрестен Қазақстан құрамасы толық құраммен бара алады.
 
ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:
 
Грек-рим күресі;

1 ақпан, сағат: 08:30
55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.
 
Жартылай финал:
55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.
 
Жұбаныш кездесу:
55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.
 
Финалдық кездесу:
55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.
 
Грек-рим күресі;

2 ақпан, сағат: 08:30
60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.
 
Жартылай финал:
60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.
 
Жұбаныш кездесу:
60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.
 
Финалдық кездесу:
60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.
 
Әйелдер күресі;

3 ақпан, сағат: 08:30
50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі
 
Жартылай финал:
50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі
 
Жұбаныш кездесу:
50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі
 
Финалдық кездесу:
50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі
 
Еркін күресі;

4 ақпан, сағат: 08:30
57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі
 
Жартылай финал:
57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі
 
Жұбаныш кездесу:
57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі
 
Финалдық кездесу:
57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі.
 
Еркін күресі;

5 ақпан, сағат: 08:30
61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі
 
Жартылай финал:
61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі
 
Жұбаныш кездесу:
61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі
 
Финалдық кездесу:
61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі.

Айта кетейік, Жарыстың ашылу салтанаты – 1 ақпан, сағат: 17:30-да Астана уақытымен.

Айбек МҰХАНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: