Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

XIІI аудандық ардагерлер спартакиадасы өтті

26.08.2025, 18:15 199

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш аудандық Руханият орталығында XIІI аудандық ардагерлер спартакиадасы өтті. Ардагерлер арасындағы дәстүрлі спартакиадаға кент және ауылдық округтерден 130-ға жуық ардагер қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Саламатты өмір салтын ұстанған ардагерлер арасындағы спорттық сайысты аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет ашып, ұйымдастырылып отырған жарыстың маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Саламатты өмір салтын насихаттауда спорттың маңызы зор. Бұл игі іс-шара – ауданымыздың спорттық өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі ғана емес, сонымен бірге ардақты ардагерлеріміздің белсенді өмірлік ұстанымын, қайсар рухы мен жастарға үлгі боларлық қажыр-қайратын паш ететін ерекше сайыс. Денсаулықты нығайтып қана қоймай, достықты дәріптеп, ынтымақты арттыратын спорт – әрқашан елді біріктіретін ұлы күш. Сіздердің спортқа деген құштарлықтарыңыз бен өмірге деген құлшыныстарыңыз баршамызға үлгі. Бұл спартакиада – жас ұрпаққа саламатты өмір салтын дәріптейтін өнегелі бастама», — деді Жасұлан Еспенбет.

Дүбірлі доданы өткізудегі басты мақсат – аудан ардагерлерінің саламатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ардагерлер арасында спорттың дамуына ықпал жасау.

Жарыстың ашылуында аудан ардагерлерінің төрағасы Садық Әлиев барлық қатысушыға және ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ардагерлерге сәттілік тіледі.

Тартысты өткен спорттық сайыстың нәтижесімен командалық есеп бойынша І орынды Мәдениет ауылдық округі иемденсе, ІІ орынды кент ардагерлері еншіледі. Ал жүлделі ІІІ орынды Қаракеткен ауылдық округінің ардагерлері жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: