Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уимблдондағы сенсация

06.07.2024, 22:49 608

Қазақстандық Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті. Теннистен Уимблдон турнирінің үшінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) үш сетте жеңді. Бірінші сет 6:3 есебімен Швентек жеңген еді. Екінші сетте Путинцева 6:1 есебімен басым түсті. Ал шешуші үшінші сет 6:2 есебімен Юлияның пайдасына аяқталды. Екі теннисші осыған дейін төрт рет кездесіп, төртеуінде де Швентек жеңген еді. Путинцева поляк теннисшісін алғаш рет жеңіп отыр. Путинцева төртінші айналымда енді латвиялық Елена Остапенкомен ойнамақ.

Дереккөз (Фото): Azattyq

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: