Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлы дала жорығы-2024»: Екінші кезең жеңімпазы – Алматы қаласы

21.05.2024, 9:35 256

HALYQLINE.KZ

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі 20 мамырда Төртқұдық елді мекені маңында аяқталды.

Екінші кезең қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.

Өкініштісі сол, екінші кезеңде Батыс Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Екінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан екі аттан, ШҚО, Жетісу, Қарағанды, облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады. Жалпы, 21 мамырда 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.

100 км:

1. Алматы қаласы – 6 сағ. 46 мин.

2. Жетісу облысы – 6 сағ. 48 мин.

3. Маңғыстау облысы – 6 сағ. 52 мин.

4. Қостанай облысы – 6 сағ. 59 мин.

5. ШҚО – 7 сағ. 03 мин.

6. Жамбыл облысы – 7 сағ. 27 мин.

7. Қарағанды облысы – 7 сағ. 44 мин.

8. Астана қаласы – 7 сағ. 58 мин.

9. Ақмола облысы – 8 сағ. 04 мин.

10. Түркістан облысы – 9 сағ. 04 мин.

11. Абай облысы – 9 сағ. 09 мин.

12. Павлодар облысы – 9 сағ. 42 мин.

13. СҚО – 9 сағ. 45 мин.

14. Ұлытау облысы – 10 сағ. 03 мин.

15. «Рекорд» командасы.

Биыл «Ұлы дала жорығына» еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы «Рекорд» командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің Арғымақ жылқылары әдейі енгізіліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: